2023 жылы 4 – ші тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
2023 жылы 4 – ші тоқсанда ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 117 қызметтің 63 (2022 ж. – 55) түрінен 12 420 (2022 ж. – 20 434) қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен 32, мемлекеттік корпорациямен 2883, электронды үкіметпен 9352 қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 63 қызметтің 41 электронды түрде жүргізілді.
Маңғыстау ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында 5 брифинг өткізілді, 294 тұрғынға электронды қызмет алу үйретілді (ЭЦҚ), 1 қоғамдық қабылдау, 1 қоғамдық бақылау, жергілікті атқарушы органдардың Facebook әлеуметтік желісі арқылы 294 пост жарияланды.
Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 568 қызмет алынды.
Сонымен қатар, 1 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілді, қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында тиісті ұсынытар берілді.