2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
2023 жылы ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 117 қызметтің 63 (2022 ж. – 55) түрінен 12 420 (2022 ж. – 20 434) қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен 32, мемлекеттік корпорациямен 2883, электронды үкіметпен 9352 қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 63 қызметтің 41 электронды түрде жүргізілді.
Маңғыстау ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында 501 брошюра, 17 брифинг өткізілді, 915 тұрғынға электронды қызмет алу үйретілді (ЭЦҚ), 6 қоғамдық қабылдау, 2 қоғамдық бақылау, 22 жауапты мемлекеттік қызметші өзге аудан және қала әкімдіктерінің мамандарымен тәжірибе алмасты, жауапты қызметкерлермен 5 семинар өткізілді, жергілікті атқарушы органдардың Facebook әлеуметтік желісі арқылы 772 пост жарияланды.
Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 4 797 қызмет алынды.
Сонымен қатар, 4 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп 15 заң бұзушылық анықталды, алдағы уақытта болдырмау бағытында тиісті ұсынытар берілді.