Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Қаулы №3 күні 10.01.2024 жыл
Маңғыстау ауданы Шайыр ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау ауданы Шайыр ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Маңғыстау ауданы Шайыр ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы А. Ордабаев