2023 жылдың 11 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

2023 жылдың 11 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

        

         2023 жылдың 11 айы тоқсаны бойынша ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 117 қызметтің 61 (2022 ж. – 56) түрінен 12 065 (2022 ж. – 117 140) қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен  31, мемлекеттік корпорациямен 2725, электронды үкіметпен 9163 қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 61 қызметтің 40 электронды түрде жүргізілді.

Маңғыстау ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында 546 брошюра, 14 брифинг өткізілді, 612 тұрғынға электронды қызмет алу үйретілді (ЭЦҚ), 5 қоғамдық қабылдау, 2 қоғамдық бақылау, 21 жауапты мемлекеттік қызметші өзге аудан және қала әкімдіктерінің мамандарымен тәжірибе алмасты, жауапты қызметкерлермен 4 семинар өткізілді, жергілікті атқарушы органдардың Facebook әлеуметтік желісі арқылы 800  пост жарияланды.

Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2317 қызмет алынды.

Сонымен қатар, 4 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп 15 заң бұзушылық анықталды, алдағы уақытта болдырмау бағытында тиісті ұсынытар берілді.

Дата публикации
12 декабря 2023