Хабарлама
10 желтоқсан 2023 жылы Маңғыстау ауданының Қызан ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қызан ауылы
Қызан ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 941 сайлаушы енгізілді, олардың 516-сы дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Барлығына қарсы» бағаны белгіленген 1 бюллетень.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Балғабаев Ғ.И - 437 , Сұлтанбеков А.Н –33, Тұрақбаев С.Қ -41 .
Қызан ауылы әкімі болып Балғабаев Ғабит Ибрагимұлы сайланды, 1995 жылы туған, қазақ, «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» ММ, бөлім басшысы, Ақтау қаласында тұрады, «Amanat» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ұсынған.