Аудандық  маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

Аудандық  маңызы бар қалалардың,

ауылдардың, кенттердің, ауылдық

округтердің әкімдеріне кандидаттардың

жергілікті бюджет қаражатынан

жабылатын шығыстарының мөлшерін

белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                         28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                    33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін баспа және/немесе желілік басылымдарда, теледидарда, радиоарналарда жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

 

 

Комиссияның  төрағасы                                                         Е. Абилов

 

Комиссияның  хатшысы                                                Г. Арзыгулова

қаулы
Дата публикации
17 ноября 2023