«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарландыруы

«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарландыруы

 

            E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

E-R-4

min

max

226837

260564

            «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130400, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Маңғыстау ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (72931) 2-12-86, тел/факс: 2-22-21, эл.поштасы M.demenova@mangystau.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  санаты Е-R-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету, электронды  құжат айналымының  бірыңғай  жүйесінің қызметін   жүзеге асыру, қызмет  бойынша  мұрағат  құжаттарын  жасақтау; ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдіктерінің шешімдері мен өкімдерінің, басқа да құжаттарының, қаулылық маңызды мәселелердің орындалуын бақылаудың іскерлік жүйесін ұйымдастыру; Тұрғындарды рухани азықтандыру, бос уақытын өнегелі, толық рухани қанағаттандыру, жас таланттарды таныту, өнерпаздардың өнерін ұштау, салт-дәстүрлерімізді насихаттау, мәдениет саласы бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мәдениет үйлері мен кітапханалардың жылдық жоспарын жасақтау, жоспарланған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу, өтуіне бақылау жасау, қатысу; Облыстық, республикалық өткізілетін фестивальдар, байқаулар мен сайыстарға қатысушыларды ұйымдастыру, олардың қатысуын қамтамасыз ету; Мәдениет үйлері мен кітапханалардың тоқсандық, жылдық  жиынтық есептерін жасақтау, тиісті жоғарғы органдарға есебін мерзімінде тапсырып отыру; Аудан көлемінде мәдениет пен өнерді дамыту, мәдениет мекемелерінің тиімді қызмет атқаруын жетілдіру және мәдениет пен өнерді дамыту үшін қарамағындағы ұжымдардың жауапкершілігін арттыру; Аудан көлемінде тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалу, сақталу және тазалық бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімнің мәдениет саласы бойынша ақпараттарын, есептерін, анықтамаларын әзірлеу, құжаттар дайындау; Бөлімнің қызметіне байланысты мәселелер бойынша жоғарғы органдар, мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасау; Бөлім басшысының қызмет бабындағы тапсырмаларын орындау; Мәдениет, кітапхана және тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің мерзімінде қаралуын ұйымдастыру; Бөлімнің кадр  қызметін  қамтамасыз ету; Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету, электронды  құжат айналымының  бірыңғай  жүйесінің қызметін   жүзеге асыру.           

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім; Педагогикалық ғылымдар (дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі және  әдебиеті, мәдени-ағарту жұмысы, музыкалық білім); Өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология, археология және этнология, өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, тарих); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика).

            Ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: Білім (дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі); Өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер және мәдениет, мәдени-тынығу жұмысы және көркем шығармашылықты ұйымдастыру).

 

 

 

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:                                                                              1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

            1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

            2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.                                    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

         

 

            Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

      ________________________________

                                                                                                                    (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: _______________________________________________________

 

e-mail: ___________________________________________________________________

 

ЖСН: ____________________________________________________________________

 

       _________                                                          ______________________________________

          (қолы)                                                                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Дата публикации
01 ноября 2023