Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

1 қараша 2023жыл

(113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Аумақтық сайлау округінің құрылуы туралы қаулы қабылдау

                           Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

                           1 қараша 2023жыл

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

 

3. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы  11 қарашасынан кешіктірмей

 (22-б.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы  11 қарашасынан кешіктірмей

  (13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы  16 қарашасынан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Тиісті әкім

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2023 жылғы 16 қарашасынан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде  аяқталады.

2023 жылғы  2 қарашадан бастап 2023 жылғы 14 қараша  жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

 (113-3-б. 5-т.)

 

8. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5-б. 11-т. 2)т.)

 

9. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

11. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы  19 қарашада жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

(113-5-б.)

16. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы  19 қараша 18:00 де басталады 2023 жылғы  9 желтоқсанда 00:00-де аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

19. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Маңғыстау  аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкім

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 20 қараша

  (24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы  25 қараша

  (26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы  30 қарашадан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын

2023 жылғы 7 желтоқсаннан ерте емес және 9 желтоқсанға дейін

 

 (37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық  аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

 (113-10-б.)

30. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

 (44-б.)

 

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
01 ноября 2023