Маңғыстау ауданы Қызан ауылы әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

Маңғыстау ауданы Қызан ауылы әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына,           21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау ауданы Қызан ауылының әкімін сайлау кезінде Қызан ауылы аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі аумақтық сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                                      Л. Жонасов

 

Хатшы                                                                                       А. Ордабаев

Дата публикации
01 ноября 2023