Маңғыстау ауданы Қызан ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау ауданы Қызан ауылы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Маңғыстау ауданы Қызан ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы А. Ордабаев