2023 жылғы 29 қазанда өткен Маңғыстау аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 29 қазанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Маңғыстау аудандық мәслихатты депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1292 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 562 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0 адам, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 30 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 10 сайлау округі бойынша
Адыров Амангелді Қуанышұлы үшін сайлаушылардың 74 дауысы берілді,
Ерманов Талғат Қорғанбайұлы үшін сайлаушылардың 403 дауысы берілді,
Қожамбетов Нүркен Теміржанұлы үшін сайлаушылардың 67 дауысы берілді.
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 10;
Сайлау қорытындысымен бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 10 сайлау округі бойынша – Ерманов Талғат Қорғанбайұлы, 1967 жылы туған, «Маңғыстау жылу, су» МКК директоры, Маңғыстау ауданының тұрғыны сайланды.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы