№10 бірмандаттық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаты депутаттығына кандидатты тіркеудің күшін жою туралы округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10 округтік сайлау комиссиясы Маңғыстау аудандық кірістер басқармасының 2023 жылғы 9 қазандағы №СТЖБ2-1-14/31 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104 бабының 6-1 тармағы 4 тармақшасын басшылыққа алып, №10 бірмандаттық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Туребаев Сакенді тіркеудің күшін жойды.