Маңғыстау ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
- «Маңғыстау ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы 9/70 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.