2023 жылдың 8 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

2023 жылдың 8 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

        

         2023 жылдың 8 айы тоқсаны бойынша ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 128 қызметтің 57 (2022 ж. – 52) түрінен 10 508 (2022 ж. – 11 354) қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен  83, мемлекеттік корпорациямен 2010, электронды үкіметпен 8415 қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 57 қызметтің 38 электронды түрде жүргізілді.

Маңғыстау ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында 501 брошюра, 8 брифинг өткізілді, 341 тұрғынға электронды қызмет алу үйретілді (ЭЦҚ), 4 қоғамдық қабылдау, 17 жауапты мемлекеттік қызметші өзге аудан және қала әкімдіктерінің мамандарымен тәжірибе алмасты, жауапты қызметкерлермен 3 семинар өткізілді, жергілікті атқарушы органдардың Facebook әлеуметтік желісі арқылы 437 пост жарияланды.

Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1914 қызмет алынды.

Сонымен қатар, 3 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп 15 заң бұзушылық анықталды, алдағы уақытта болдырмау бағытында тиісті ұсынытар берілді.

Жыл соңына дейін 1 мекемеге ішкі бақылау жүргізу, 5 жауапты маманды өзге қала, аудандарға тәжірибе алмастыру, тікелей эфирде брифинг, мекемелерге қоғамдық бақылау, ХҚКО ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізу, брошюра тарату жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Дата публикации
19 сентября 2023