Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау ауданы әкімі ШЕШТІМ:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№180, 181 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«№180 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қызан ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.
Шекарасы: Қызан ауылы, Жиделі, Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген–1, Құдайберген–2 қыстаулары.
№181 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекарасы: Ақшымырау ауылы, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстаулары, «Ком-Мұнай» кен орнының вахта қалашығы.»;
№184 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«№184 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Бекі бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстаулары.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау аудандық сайлау
комиссиясы