Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының №10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Маңғыстау аудандық маслихат депутатына кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 07 және 08 қыркүйек күндері №10 сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық маслихат депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен 2 кандидаттан құжаттар келіп түсті. Маңғыстау аудандық маслихат депутатына кандидаттыққа Кожамбетов Нүркен Темиржанович пен Ерманов Талгат Корганбаевич құжаттарын ұсынды. Кандидаттардың құжаттарының Заң талаптарына сәйкестігін анықтау жүргізілуде.