Маңғыстау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Маңғыстау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылғы қыркүйек-желтоқсанға арналған туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі «Маңғыстау ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» №3/19  шешімінің (Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 маусымдағы №4577-12 болып тіркелген) күші жойылсын.
  3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  Е.Махмутов

Дата публикации
06 сентября 2023