Маңғыстау аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша  шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Маңғыстау аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша  шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Шығып қалған мәслихат депутатының сайлауын тағайындау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

29 тамыз 2023 жыл

 

 (14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

29 тамыз 2023 жыл

 (101-б. 6-т.)

 

 

 

3. Сайлау округінің  тізімін, оның шекарасы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей

                 (22-б. 2, 2,1-т)

4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

 

          5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                

 

Тиісті әкім

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2023 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

        

6. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

 Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

                                     2023 жылғы 30 тамызда басталады және 28

                                     қыркүйекте   жергілікті уақыт бойынша сағат

                                     18:00-де аяқталады

(103-б.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының  Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидаттар мен оның жұбайлары (зайыбтары)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

       10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

                                 Тиісті округтік сайлау комиссиясы

                                   2023 жылғы 30 тамызда басталады және 3 қазанда   

                                   жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

                                                                                                                         (104-б.)

 

        11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күн мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

       12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт,16-1 б. 6-тт.)

       13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

                                  Тиісті округтік сайлау комиссиялары

                                   Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан                  

                                   кейін

                                                                                                          (16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

 

       14. Кандидат пен оның зайыбының декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                       

 (104-б. 2-т.)

 

      15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

                                  Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

                                  Кандидаттар тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

 

      16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттардың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

 Айына екі рет

                                                                                 Қағиданың 23- т

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

                                

 

 

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиясы

2023 жылғы 3 қазанға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                          

 

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 3 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 28 қазанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

          19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру мен бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Тиісті әкім

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 8 қазан

(26-1 б. 1-т.)

 

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2023 жылғы 13 қазан

                                                                  (26-б. 1-т.)

 

         22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 19 қазанға дейін                                                                

(18 б. 5-т, 38 б. 2-т )

         23. Сайлау учаскесінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 19 қазанға дейін      

(38-б. 1-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 26 қазаннан ерте емес және 28 қазанға дейін

(37-б. 3-т.)

 

25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

26. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттың депутатын сайлау бойынша  дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспау, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

28. Дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

29. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

30. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

31. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау                        

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 30 қазан

 

(108-б.2-т)

 

 

 

32. Мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 4 қарашадан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

33.  Сайланған мәслихат депутатын тіркеу және депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

 

34. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

 

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күн ішінде

 (34-б. 4-т.)

 

 

 

             

         

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
29 августа 2023