Маңғыстау аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша  шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

Маңғыстау аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша  шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

           Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық    Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101 бабының 3-1 тармағына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
  2. Маңғыстау аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Маңғыстау аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі №10 округтік және №174 учаскелік сайлау комиссиялары №10 сайлау округі бойынша шығып қалған Маңғыстау аудандық мәслихаты депутаты сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.  

 

          Төраға                                                          Л. Жонасов  

 

          Хатшы                                                                   А. Ордабаев

Дата публикации
29 августа 2023