Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Маңғыстау ауданы әкімі ШЕШТІМ:

  1. «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2787 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімге қосымшада:

№180, 181 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«№180 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Қызан ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

         Шекарасы: Қызан ауылы, Жиделі, Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген–1, Құдайберген–2 қыстаулары.

         №181 сайлау учаскесі

         Орналасқан жері: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

         Шекарасы: Ақшымырау ауылы, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстаулары, «Ком-Мұнай» кен орнының вахта қалашығы.»;

         №184 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

         «№184 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Бекі бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

         Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстаулары.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Маңғыстау аудандық сайлау

комиссиясы

Дата публикации
22 августа 2023