Әдеп  нормаларын  сақтау-басты  міндет

Әдеп  нормаларын  сақтау-басты  міндет

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жедел әрекет ету болып табылады.

Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін қалыптастыру басты назарда. Осы  бағытта  атқарылып  жатырған  стратегиялық  іс-шаралар  мемлекеттілікті одан әрі нығайту, халыққа қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға  бағытталғанын   көруге болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының қалыптары регламенттелген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің  жаңа  редакцияда  қабылдануы  жүйенің  дамуына  айтарлықтай  үлес  қосты.

Әдеп кодексі, бұл – жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды қағида  екені айқын. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмыста қарапайымдылық, әділдік пен адалдық принциптерін ұстануды қажет етеді.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытынд  аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде 113 мемлекеттік  қызметші   жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, олардың имиджін көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп  отырады. Себебі, билік өкілдерінің сауатты болуымен қатар олардың мәдениетті болуы басты  назарда.  Әдеп жөніндегі уәкілдің 2023 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес, Әдеп кодексі талаптарын орындау бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер, оның оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ, қызметтердің сапасын жақсарту бағытында дәрістер,  семинарлар  өткізілді. Жылына екі рет  әдеп нормаларының сақталуы, ұжымның моральдық-психологиялық ахуалын мониторингтеу мақсатында әкімдікке қарасты мекемелердің барлық қызметкерлеріне анонимді сауалнама жүргізіліп, нәтижесі  бойынша  басшыларға  ұсыныстар  енгізіледі.

БАҚ-дағы, әлеуметтік  медиадағы  аккаунттарда  мемлекеттік  қызметшілер  туралы  жарияланған  материалдарға   мониторинг  жүргізіліп,  қорытындысы  бойынша  шара  қолданылады. 

Мемлекеттік  органның  оң  имиджін  қалыптастыруға  үлес  қосқан  7 мемлекеттік  қызметші  мереке  қарсаңында  көтермелеуге  ұсынылды.

Соңғы  жылдардағы  есептік  көрсеткіштерге  сүйенсек  аудан  әкімдігіне  қарасты  мемлекеттік  органдардың  қызметшілері  тарапынан   әдеп  нормаларын   бұзушылықтар  орын алмағанын,  ұжымдардағы  моральдық-психологиялық ахуалдың   тұрақтылығын  көруге  болады.    

 

 

                                                                          Аудан  әкімінің  орынбасары,

                                                                                             Әдеп  жөніндегі  уәкіл

                                                                                             М.Сейлов

Дата публикации
27 июня 2023