МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

Атауы

Маңғыстау ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 29 қараша 2017 жылғы № 790 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Аумақ – 47,9 мың ш.м. құрайды. Маңғыстау ауданының құрамына 12 селолық округ кіреді. Маңғыстау ауданының халық саны 2018 жылы 38,5 мың адам болса, 2019 жылы 39,2 мың адам болды, яғни 102,0 пайызға өсті. Аудан орталығы Шетпе селосы. Онда 16,8 мың адам тұрады. Негізгі кәсібі - ауылшаруашық саласы болып табылады.

Бағыттар

Экономикалық жаңғыру және макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау.

Өмір сүруге қауіпсіз әрі жайлы аймақ қалыптастыру

Жаңа өмір сапасын қамтамасыз ету

Мақсаттар

Шикізат саласының өнеркәсібін дамытуға басымдық беру

Инвестициялық ахуалды жақсарту

Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға жағдай туғызу

Халықты сапалы ауызсумен толық қамтамасыз ету

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту

Тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру

Транспорттық инфрақұрылымдарды дамыту

Байланыс қызметінің сапасын арттыру

Экологиялық қауіпсіз аймақ құру

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары

Тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Халықтың денсаулық көрсеткішін арттыру

Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының азаматтарға қолжетімділігін арттыру

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері:

Қаржыландыру мөлшері (болжамды есептер)

2021 жылы – 1 765 513,2 млн.теңге;

2022 жылы – 1 917 112,3 млн.теңге;

2023 жылы – 3 984,8 млн.теңге;

2024 жылы – 2 749,9 млн.теңге;

2025жылы – 1 417,3 млн.теңге.

Барлығы:     3 690 777,5 млн.теңге.

 

2021

2022

2023

2024

2025

1 765 513,2

1 917 112,3

3 984,8

2 749,9

1 417,3

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Облыс бойынша ауданның өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 19,3% құрайды.
Өнеркәсіп құрылымында 97,0% тау-кен өнеркәсібі үлесіне келеді. 2016-2018 жылдар аралығында бұл салада оң динамика байқалады (2016 ж. - НҚИ 95,5% 2017ж.-105,5% 2018ж.-100,5%).

Тамақ өңдеу, жол құрылысы, құрылыс индустриясы (цемент, қиыршық тас өндірісі) саласында 23 қайта өңдеу кәсіпорны бар. Соңғы үш жылдың ішінде 18 жаңа өндіріс пайдалануға берілді (асфальт қоспалары мен DS материалдарын шығаратын кәсіпорындар, білім беру және медициналық мекемелер, ет және балық өнімдерін консервілейтін цех, ет өңдеу цехы, консервіленген ет өндірісі, мал союды ұйымдастыру).

 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс көлемі, шамамен 15,6 млрд теңге мөлшерінде болжамдануда (2018 жылы - 15,4 млрд. теңге).

Облыс бойынша ауданның негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі үлесі 10,5% құрайды. Инвестиция құрылымында меншікті қаражат басым - 82,5% (2018 ж. - шамамен 43,5 млрд.теңге), бюджеттік қаражат - 17,5% (9,3 млрд.теңге). Инвестициялар құрылымында өңдеу өнеркәсібі 1,2% құрайды (2018ж.).

Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардың оң динамикасы байқалды, бұл инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты (2017ж.-581,0 млн.теңге, 2018ж.-676,0 млн.теңге).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2018 жылы 2541 бірлікті құрады немесе 2017 жылға қарай 130 бірлікке өсті. Бұл секторда 3452 адам жұмыс істейді. ШОК субъектілерінің орташа өнімі жылына 7,8 млрд. теңгені құрайды. Аймақтағы кәсіпкерлік субъектілер санының жыл сайын артуына қарамастан, кәсіпкерлік белсенділіктің төмен деңгейі сақталуда.

Маңғыстау ауданы облыстағы ауыл шаруашылығы дамыған аудан  болып саналады. Ауданның ауыл шаруашылығының негізі–мал шаруашылығы, оның ішінде қой, түйе, жылқы шаруашылықтары болып келеді.

Аудан көлемінде 425 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық қызмет етеді. Оның ішінде 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 389 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Егін шаруашылығы Жыңғылды, Өтес, Ақтөбе, Онды, Шайыр селолық әкімшілік аумақтарында жүргізіледі. 8 адам 29,57 тонна тыңайтқыш алды.  738 162 теңге субсидияланды. 2019 жылы 36 шаруа қожалығы 204,5 гектар жерге егін егіп, 4686,5 өнім алды.

2019 жылы ауданда мал шаруашылығы барлығы 8253 бас мүйізді ірі қара малды, 25162 бас түйені, 38640 бас жылқыны, 153892 бас қой-ешкіні, 2523 бас құсты. Қазіргі елдің назары жылқы мен түйе өсіруге ауып отыр. Ауыл шаруашылығында тауар өндірушілері арқылы тірілей салмақта 3272,4 тонна ет, 2753,6 тонна сүт, 115,8 мың дана жұмыртқа өндірілді.

       Ауданда 4 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Олар Шебір ауылынан «Елтай», Шетпе ауылынан «Бай Ұлы» және «Сегізбай Ата», Жыңғылды ауылынан «БаТа» ауыл шаруашылығы кооперативтері.

       Инвесторлар тарту арқылы жаңадан агро өнеркәсіп кешендерін іске қосу.  «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы шаруа қожалықтарына қолдау көрсету. Айта кететін жайт 2019 жылы «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы 2 шаруа қожалыққа 6, 877 мың  теңгеге несиеге тауарлар  алынып берілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы шаруа қожалықтарын дамыту.

 Ауыл шаруашылығы саласының өкілдері және қаржы саласы ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге несие алу, субсидия беру жөнінде түсінік беру, семинар кеңес жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп тұру.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы «Сыбаға» бойынша мал басы санын арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру.

Ауданымызға жалпы көлемі 1 га болатын жылыжай құрылысын салу жылыжай өнеркәсібін одан әрі дамыту.

      Аудандағы 12 ауылдан  мал өлекселерін, ауланған ит-мысықтарды өртеп жоятын  

биологиялық қарапайым шұңқыр жасату керек.     Жайылымды суландыру

бойынша ортақ пайдалануға Шайыр ауылы мен Жыңғылды ауылынан және Боздақ

пен Шебір жерлерінен ұңғыма қаздыру мәселесін шешу.

        Аудан бойынша ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық шаралар жоспары мезгілінде орындалуда. Мамандар арқылы малдар сырғаланып, дерекқор базасына енгізілуде. 2019 жылы жылы барлығы 49373 қой-ешкі, 2370 бас ірі-қара мал, 3700 түйе, 4793 бас жылқы бірдейлендіру жұмыстарымен қамтылды. Жоспарланған мал басы толықтай сырғаланды.

Аудан бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдар көлемі 541,2 шақырымды қамтиды, оның ішінде аудандық маңызы бар жолдар 298,6 шақырым, облыстық 242,6 шақырым болса ауылішілік жолдар 112,3  шақырым.

Соңғы үш жылда 146,6 шақырым жол орташа жөндеумен қайта құрылымдаудан өтті.  

         Ауданымыздағы 12 селолық округте де АТС қондырғы және интернет желісімен қамтылған. 2018 жылы Шетпе-Онды-Ұштаған ауылдарына ВОК (телефонизация) құрылысы жүргізілді және Сай-Өтес ауылдық округіндегі Маната асуы маңында мобильді байланыспен қамтамасыз етуге арналған антенналық-діңгектік құрылыс салу жұмыстары басталып кетті.

Ауданның 21 АЕМ-нің 14 АЕМ-ні орталықтандырылған сумен жабдықталған, қалған 7 АЕМ-ні тасымал сумен қамтамасыз етіліп отыр. Аудан бойынша сумен жабдықтау жүйесінің жалпы ұзындығы 577,675 км құрайды.

Тұрғын үй қоры жалпы ауданы 37,809 мың кв.метрді құрайтын 45 көппәтерлік тұрғын үйден құралады. «ТҮКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша Шетпе селосында орналасқан көппәтерлік тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 пәтерлі 8 (сегіз) тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға 216 адам кезекте тұр.

 Аудан бойынша орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің жалпы ұзындығы 11,462 км құрайды. 2018 жылы Шетпе селосында 4,622 км жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы 4 әлеуметтік нысандарға 1 жылу қазандығы, 5 сорап, 50 құбыр сатылып алынып, орнатылды.

Ауданда 5 гектарды алып жатқан 1 ТҚҚ полигоны және аумағы 16 га құрайтын қоқыстарды уақытша орналастыру орны бар. ТҚҚ жинақталу көлемі жылына жобамен 6 мың тоннаны құрайды.  2018 жылы 3767 тонна (63%), 2019 жылы 5324 тонна (89%) көлемінде тұрмыстық  қатты  қалдықтар күнделікті жеке тұрғын үйлерден және бюджеттік мекемелерінен арнайы  техникалар арқылы жиналып, орналастырылды. Ауданда әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйдің аулаларында ТҚҚ жинақтайтын 758 дана контейнер орнатылған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша аудандағы 30 балабақшада (20 мемлекеттік, 10 жекеменшік) 1855 бала тәрбиеленіп отыр. Аудан бойынша 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайыз болса,  1-6 жасты қамту 63 пайызды құрап отыр. Кезекте 1-3 жас аралығында 1480 бала тұр. 1-6 жастағы балаларды жекеменшік балабақшалар салу арқылы 2025 жылға дейін 84,7 пайызға көтеру жоспарланып отыр.

Ауданда 23 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, оларда оқитын оқушылар саны – 8505 оқушы.  Қазіргі таңда ауданымыздың білім сапасы 51,89%. 2-11 сыныптарда 7236 оқушы оқиды, оның 1242-сі үздік, 2513-і озат оқушы. Жалпы білім беру мекемелерінде 1 139 педагог жұмыс жасайды. Бірінші және жоғары санаттағы оқытушылар үлесі – 48,1 % құрайды.

Ауданымызда қазіргі таңда аудандық 145  орындық орталық аурухана, 90 орындық күндізгі ауруханасымен емхана, емхана құрамында туберкулезге қарсы  диспансер, 10 дәрігерлік амбулатория, 4 медпункт жұмыс жасап тұр.

Жалпы аудан  бойынша соңғы бірнеше жыл ішінде демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы көрсетіледі: туу, халықтың табиғи өсімі, өлім деңгейі. Ана өлімі 2017-2019 жж. аралығында тіркелген жоқ.

Маңғыстау ауданы бойынша 2019 жылда халық саны 39,2 мың адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық -15,2 мың адам.

Аудан көлемінде тұрақты жұмыс орындарына 2017 жылда 547 адам, 2018 жылда 1426 адам, 2019 жылда 933 адам орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына  2017 жылға 176 адам,  2018 жылда -140 адам, 2019 жылға сәйкесінше – 93 адам қамтылды. Жастар іс-тәжірибесіне қатысқан 2017 жылда 130 жастүлекке-26 255 мың.теңге,  2018 жылда 155 жастүлекке- 34 300,0 мың теңге, 2019 жылда 186 жастүлекке – 48 900,0 мың теңге төленді. Қоғамдық жұмысқа қатысқандар 2017 жылда 239 адам 21 758,0 мың теңге,   2018 жылда 170 адам, 2019 жылда 551 адам .

Маңғыстау ауданында мәдениет пен өнер саласының екпінді дамуы, мәдениет туындыларына қол жетімділікті қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық қабілетін арттырып, өнерге баулу, өнердің озық үлгілерін насихаттау бағытында 27 ұйым халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Олардың ішінде: аудандық «Мәдениет үйі»-1, селолық мәдениет үйлері – 7 (Қызан, Шайыр, Тұщықұдық, Жыңғылды, Ұштаған, Онды, Жармыш),  селолық клуб - 4 (Шебір, Өтес, Қосбұлақ, Ақшымырау) және 15 кітапхана (Аудандық орталық кітапхана, балалар кітапханасы және 13 селолық кітапханалар).

Мәдениет ошақтары күрделі және ағымдағы жөндеуді, Өтес, Жыңғылды ауылдарынан мәдениет үйінің жаңа құрылысын салуды, кәсіби мамандарды, МТБ-сын жаңартуды қажет етеді.

Кітапханаларды телефон, интернет желілерімен, МТБ-сын жаңартуды қамтамасыз ету қажет.

Бұқаралық спортты дамыту-саламатты өмір салтының негізі, ұлт саулығының кепілі. 2019 жылы бойынша аудандағы орта білім беретін мектептер  ішіндегі  спорт залдар саны -18, Шетпе ауылында 1 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, оған қарасты 1 күрес зал, 2 бокс зал, Өтес ауылындағы спорт зал, жанында 1 орталық стадион жұмыс жасайды.

2016-2018 жылдар аралығында демеушілердің көмегімен Тұщықұдық, Шебір, Ақшымырау, Қызан, Шайыр селоларынан 5 спорт кешені салынса, 2017-2018 жылдары Шетпе селосынан “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Туған Жерге туыңды тік” ұранымен Ескі Шетпеден жеке кәсіпкер С.Мұңалбаевтың демеушілік көмегімен «Азамат»  спорт кешені және 1 жүзу бассейні және ашық спорт алаңы салынды. Сонымен бірге 2017-2018 жылдары аралығында «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының демеушілігімен Жыңғылды (С. Нұрниязұлы атындағы орта мектеп жанынан), Қосбұлақ (бастауыш мектеп жанынан), Шетпе ауылынан (А. Меңдалыұлы атындағы орта мектеп жанынан)  ашық спорт алаңдары мен стрит воркаут алаңы және балалар ойын алаңдары халық игілігіне  пайдалануға берілді. Барлығы -29,  (2016 жылы – 22 спорт зал, 2017 жылы- 26, 2018 жылы- 29, 2019 жылы-29) спорт нысандары халыққа қызмет етіп тұр.

Ұштаған ауылында 3 млн теңгеге бұрынғы ескі мектептің спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жыңғылды ауылындағы мектеп жанынан күрес залы ашылған. Ауыл жастары осы жерде спортпен айналысып жүр. Жастардың спорттың әр түрінен шұғылдануына мүмкіндік жасау үшін Жыңғылды ауылынан жаңа спорт кешенін салуды қажет етеді.

Сонымен қатар, алдағы жылдары ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін Бекі, Боздақ, Тұщыбек елді мекендерінен спорттық нысандар салуды  қажет етеді.

2019 жыл бойынша ауданда дене шынықтыру және спорт саласында 176 адам жұмыс жасады. Атап айтсақ: жалпы орта мектептерде 105, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 37, спорт әдіскерлері 17 адам, спорт нұсқаушылары -11,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде 3 адам, колледжде-2 адам. Спорт түрлерінен ересектер арасында арнайы жаттықтырушылардың болмауынан спортшылар біліктілігін арттырып, жоғары жетістіктерден көріне алмауда. Осы қиындықтарды шешу үшін ең алдымен спорт нысандар санын арттыру қажет. Ауданымызда дамыған спорт түрлерінен: футбол, қазақ күресі, волейбол, джиу-джитсу, самбо, дзюдо, кикбоксинг, грек-рим және т.б спорт түрлерінің дамуына жағдай жасау қажет.

Ауданда ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытында үйлесімді жұмыс жүргізіліп келеді. Ішкі саясат саласындағы қоғамдық-саяси ахуал есеп беру кезеңінде тұрақты болды. Бұл жұмысқа жергілікті мемлекеттік органдар мен қатар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мекемелері  қызмет атқаруда.

Аудандық Ішкі істер бөлімінде қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмауға және қоғамдық орындар мен көшеде қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұдайы жүргізіліп отырады.

Ауданымызда қылмыспен құқық бұзушылықтың және қоғамдық орындар мен көшеде болатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Құқықтық тәртіп», «Оқу», «Мигрант», «Есеп», «Автобус», «Түнгі қаладағы балалар», «Қару», «Денсаулық», «Жасөспірім» және т.б. рейдтік іс-шараларға барлық қоғамдық бірлестіктер, мекемелер мен ұйымдар қатыстырылады.

Негізгі проблемалардың кешенді жиынтығы

-ауылішілік жолдары сапасының төмендігі;

-елді  мекендердің су және су бұру желілерімен толық қамтылмауы;

-ауыл шаруашылығын дамытудағы су тапшылығы (мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында судың жетіспеушілігі);

-ауылдарда  қатты тұрмыстық-қалдықтарды жоятын полигонның болмауы:

 

Өңірдің мүмкіндіктері

- басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығынын дамуы, оның негізі – мал шаруашылығы;

-ет және сүт өнімдерін өндеу өнеркәсіптерін дамыту;

-ірі мұнай-газ өндіруші компаниялардың өндірісін дамыту

 

  1. Дамудың басым бағыттары, мақсаттары мен нәтижеге қол жеткізу жолдары

БІРІНШІ БАҒЫТ: Аймақтық экономиканың өсуі

1-мақсат: Өндірістік кәсіпорындарды дамытудың басым бағыты

№

қ/с

Мақсаты
индикаторлар

Өлшем

бірлігі

Жоспарлы көрсеткіш

Жауапты

орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

1

Өндеу өнеркәсібіндегі өнім көлемінің НҚИ

%

102,5

103,0

104,0

105,0

105,0

Кәсіпкерлік

бөлімі

2

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция

млрд. тенге

1,9

2,3

2,8

3,4

 

3,9

 

Кәсіпкерлік

бөлімі

\

Қол жеткізу  жолдары:

  • 2021-2025 жылдары, нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашатын, 7 инвестициялық жобаларды іске асыруға:

- 2021 жылы Тұщыбек, Ұштаған ауылдарынан тәулігіне 1600 бөтелке минералды су шығаратын цех ашу;

- 2021-2023 жылдары 12 жылыжай, 2 көкөніс сақтайтын қойма салу;

- 2023 жылы жылына 3 мың тонна «Жездыбассай» катод мысының кең орыны өндірісін ашу.

- 2023 жылы түйе сүтінен ұнтақ сүт жасайтын кәсіпорнын ашу.

- 2025 жылда жылына 18 мың текше темір-бетон өнімін өндіретін зауыт  салу.

 

2-ші мақсат: Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру

 

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025

жыл

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1

Ауылшаруашылығының  жалпы өнімінің НҚИ

%

100,5

101,0

101,5

102,0

102,5

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

 

Жоспарға жету жолдары:

 

  • «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы шаруа қожалықтарын жандандырып мал басын көбейту.
  • Жаңа нарықтарды, оның ішінде аудандармен шекаралас аймақтарды іздеу арқылы ауылшаруашылық, шағын және орта бизнестің өнімдерін өткізу.

 

                    3-мақсат: Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне жағдай жасау

№

п/п

Мақсаты
индикаторлар

Өлшем

      бірлігі

Жоспарлы көрсеткіш

Жауапты

орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.       

ШОБ өндірісінің өндірген өнімінің ұлғаюы

млрд. тенге

8,1

8,18

8,26

8,34

8,43

Кәсіпкерлік бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:

  • 2021-2025 жылдары «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалану арқылы жылына кемінде 15  жобаны субсидиялау және 20-дан астам жобаға өтеусіз негізде гранттар беруді.
  • 2021- 2025 жылдары дейін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға және «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылына кемінде 85 қатысушыға шағын кредит беру және 125 мемлекеттік грант бөлуді.
  • 2021- 2022 жылдары Шетпе ауылынан 3-тен кем емес сауда орталығын, 2-ден кем емес мейрамхана ашуды.
  • 2021-2022 жылдары Жыңғылды, Сай-Өтес, Жармыш ауылдарынан кемпинг, жол бойындағы сервистік қызмет көрсету орталықтарын салуға.
  • 2023 жылы жалпы алаңы 3 га 220 сауда нүктесімен коммуналдық базар құрылысын салуды .
  • Нәтижесінде 2025 жылға шағын және орта бизнестің санын 2,7 мыңнан 3,2 мыңға дейін көбейтуді.

 

ЕКІНШІ БАҒЫТ: Өмір сүруге қауіпсіз әрі жайлы аймақ қалыптастыру

1-ші мақсат: Тұрғын үй құрлысы қарқынын арттыру

№

Мақсатты индикаторлар:

 

Өлшем

бiрлiгi

              Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушы

2021жыл

2022жыл

2023жыл

2024 жыл

2025

 жыл

 

1

2

3

5

6

7

8

9

10

 

 

 

1

 

Бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамту

 

 

 

ш. м/адам

 

 

 

20,4

 

 

 

 

20,6

 

 

 

 

20,8

 

 

 

 

21,0

 

 

 

 

21,2

 

 

 

ҚжСҚҚБ

                   

       

Жетістікке жету жолдары:

  • 2021- 2025 жылдары «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жыл сайын 15 отбасымен тұрғын-үйді сатып алуға.
  • 2022 жылы Шетпе селосынан 24 пәтерлі жатақхана қайта құрылымдауға;
  • 2023 жылы Шетпе селосында көп пәтерлі 2 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға.
  • 2021- 2025 жылдары Шетпе, Жыңғылды, Сай-Өтес ауылдарына дейін 4 пәтерлі 5 коммуналдық тұрғын үй салуға.

2025 жылға дейін 116 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге.

 

2-ші мақсат: Халықты тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025

жыл

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1.      

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету

%

79,7

91,5

93,8

93,8

93,8

ТКШ, АЖ ж ЖТ

2.      

Орталықтандырылғанкәрізжелісінеқолжетімділікті қамтамасыз ету

%

34,2

34,2

43,0

50,2

50,2

ТКШ, АЖ ж ЖТ

 

Қол жеткізу жолдары:

  • 2025 жылға дейін ауданның Шетпе, Жыңғылды ауылдарын толық су бұрумен қамтамасыз ету.
  • 2025 жылға дейін Шетпе селосында 22 км жылу желілеріне жөндеу жүргізу.
  • 2022 жылға дейін Шетпе, Жармыш, Бекі селоларын толық ауыз сумен қамтамасыз ету.
  • 2022 жылы қолданыстағы электр желілер мен жабдықтауды қайта жаңарту және кеңейту (кабельдік желілер, әуе желілері, 22,2 шқ).

 

3-ші мақсат: Транспорттық инфрақұрылымдарды дамыту

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025

жыл

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1

Ауылішілік автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

%

49,56

55,41

61,38

67,9

73,57

Облыстық ЖКж АЖ басқармасы

 

Қол жеткізу жолдары

  • 2021-2025 жылдары – 19,2 км ауылдарға кіреберіс жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді:
  • Шайыр ауылының кіреберіс жолы (2,8 км);
  • Жармыш ауылының кіреберіс жолы (4,5 км);
  • Онды демалыс орнына баратын жол (6 км);
  • Таспас карьерінің кіреберіс жолы (8,4 км).
  • 2021-2025 жылдары 53,1 км. ауылішілік автокөлік жолдарын салу:
  • Шебір автокөлік жолы (5,646 км);
  • Ақшымырау автокөлік жолы (6,036 км);
  • Сай-Өтес селосының Толыбай шағын ауданының автокөлік жолы (5,67 км);
  • Жыңғылды автокөлік жолы (5 км);
  • Шетпе селосының Ащыбұлақ, Базарлы, Жаңаорпа шағын аудандарының автокөлік жолы (30,744 км).

4-ші мақсат: Экологиялық ахуалды жақсарту

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1

ҚТҚ жою мен қайта өңдеу үлесін арттыру

 

%

3

5

7

10

     15

ТҮКШ

 

Жету жолдары:

  • 2021-2025 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша 1568 дана контейнерлерді орнату ;
  • 2021-2025 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша арнайы техника санын 8 данаға арттыру.

 

5-ші мақсат: Төтенше жағдайлардың алдын-алу  мен жою жағдайы тиімділігін арттыру

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1

Төтенше жағдайға қарсы әрекетке инфрақұрылымды қамтамасыз ету деңгейі

%

50

100

100

100

100

ТЖБ

 

Жету жолдары:

Тұщықұдық ауылында өрт сөндіру бекетін салу.

 

ҮШІНШІ БАҒЫТ: Жаңа өмір сапасын қамтамасыз ету

1-ші мақсат: Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

 

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

 

1

2

3

5

6

7

8

9

10

 

1

Жаңа жұмыс орындарын құру саны

 

2155

2200

2245

2275

2315

 

 

 

тұрақты

бірлік.

1615

1650

1685

1705

1735

ЖҚжӘББ

 

 

Уақытша

бірлік.

540

550

560

570

580

ЖҚжӘББ

 

2

Жұмысқа орналасушылар үлесі

%

70

70,3

70,6

70,9

71,2

ЖҚжӘББ

 

 

 

Жету жолдары:

                   

 

-өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және жағдайы төмен

отбасыларды оқыту,жұмысқа орналастыру.

-мобилді еңбек ресурстарын дамыту;

-ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында микрокредиттер беру;

-мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға ықпал ету.

 

                 
                                         

2-ші мақсат: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Халықтың денсаулық көрсеткішін арттыру

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

 

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1

1000 адамға шаққанда жалпы өлім жағдайы

 

промилле

4,6

4,6

4,6

4,4

4,4

ДСБ,

Маңғыстау АОА

Қол жеткізу жолдары:

  • 2025 жылға тұрғындардың өмір сүру орташа ұзақтығын 73 жастан 75 жасқа жеткізу.
  • Ана өлім-жітімін болдырмау және 1000 тұрғынға шаққандағы нәресте өлім-жітімі көрсеткішін 11,3-тен 8-ге дейін төмендетуге.
  • 2021 жылы Ақшымырау ауылдық амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізуге,
  • 2022 жылы Онды селосында дәрігерлік амбулаториясын салуға.
  • 2023 жылы Шетпе селосы, Шетпе 1 шағынауданында аудандық аурухананың дәрігерлік амбулаториялық модуль құрастырғышын сатып алуға.
  • 2023 жылға дейін медициналық ұйымдарды заманауи технологиямен қамтамасыз етуге(компьютерлік томография және экспертті-класты ультра-дыбыстық зерттеу аппараты).
  • 2021-2025 жылы жекелеген халықтың санаттарын скринингтік зерттеу жүргізу арқылы жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын ерте анықтау жұмысы бағытында нақты шаралар қабылдауға.
  • Жергілікті жерлерде денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жолымен бекітуге ықпал ету.
  • 2021 жылға Маңғыстау ауданының жедел медициналық  жәрдем станциясы филиалының автопаркін 10 көлікпен жабдықтауға. .

 

3-ші мақсат: Тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру

№

 

Мақсатты

индикаторлар

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

 

1

2

3

5

6

7

8

9

10

1

1-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

 

%

 

63,1

 

65,9

 

70

 

77,5

 

84,7

 

ББ

 

Жету жолдары:

  • 2025 жылға дейін жыл сайын орташа 187 компьютер сатып алу.
  • 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын кемінде 1 жекеменшік балабақша ашу (50 орындық);
  • 2022 жылы Онды аулынан 200 орындық балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығын ашу.
  • 2021 жылы жалпы орта білім мектептерде үш ауысымдық оқытудың болдырмау мақсатында А.Меңдалыұлы атындағы орта мектебінде 320 орындық жапсаржай салу, 2022 жылы Шетпе селосы Қосбұлақ шағынауданынан 600 орындық мектептің құрылысын салу.
  • 2021-2025 жылдары 6 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (Шетпе селосы М.Атымов, Шайыр мектебі, Боздақ мектебі, Жармыш мектебі,Тобанияз мектебі, Сай-Өтес мектебі).
  • Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар үшін көмек көрсету (тегін жол жүру, кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету).
  • 2021 жылы жоғары және бірінші санатты педагог мамандардың үлесін көбейту.

 

4-ші мақсат: Жаңа өмір сапасын қамтамасыз ету, әлеуметтік стандарт жағдайы

№

 

Мақсатты көрсеткіштер

Өлшем бірлік

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты

 орындаушы

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, 1000 адамға шаққанда

%

77,6

77,6

79,1

79,0

78,9

 

2

Елді мекендерді әлеуметтік игіліктер мен қызметтерге өңірлік стандаттар жүйесіне сәйкес қамтамасыз ету

%

62,4

69,4

76,5

83,5

90,6

 

 

Жету жолдары:

  • 2021-2025 жылдары саны 13 шағын ауданішілік спорт және ойын алаңшаларды абаттандыру.
  • 2025 жылға дейін 142 мың спортшылардың қатысуымен халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі 735 спорттық шараларды ұйымдастыру.
  • 2021 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы орталық стадионға, күрес, бокс залдарына күрделі жөндеу жүргізу.
  • 2022 жылы Жыңғылды ауылынан 160 көрермен орындықты спорт кешенін салу.
  • 2023 жылы Боздақ, Тұщыбек елді мекеніндегі мектеп жанынан спортзалымен қосымша құрылыс салу;
  • 2024 жылы Жармыш, Ұштаған, Ақшымырау, Қызан, Шебір, Бекі, Боздақ ауылдарынан стрит-воркаут және ашық спорт алаңдарын салу;
  • 2025 жылы Шетпе ауылынан заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешенін, Ұштаған, Онды ауылдарынан спорт кешендерін салу.
  • 2021 жылы Шетпе селосының Қосбұлақ шағын ауданындағы 100 орындық клубқа күрделі жөндеу жүргізу.
  • 2022 жылы Жыңғылды, Сай-Өтес ауылдарына 200 орындық кітапхана мен мәдениет үйін салу.
  • 2023 жылы Шетпе селосынан аудандық мәдени демалыс орталығын салу.

 

Қажетті ресурстар

2021 – 2022 жылдарға арналған шығыстар көлемі 2020-2022 жылдарға бекітілген  үш жылдық бюджет көлеміне сәйкестендіріліп қойылды.

2023 – 2025 жылдарға арналған шығындар мөлшері болжамды есептер бойынша белгіленді.

Барлық шығындар мөлшері Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттің жыл сайынғы түзетулер кезінде қайта қаралып отырады.

Маңғыстау ауданында аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін, алдын-ала болжамды есеп бойынша  3 690 777,5 млн теңге қажет етеді. Оның ішінде төмендегі бағыттар бойынша: 

 

Бағыттардың атауы

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024 жыл

2025 жыл

1

2

3

4

5

6

7

1

1-ші бағыт

210,0

220,0

230,0

240,0

245,0

 

-РБ

165,0

175,0

185,0

195,0

200,0

 

-ЖБ

45,0

45,0

45,0

45,0

45,0

2

2-ші бағыт

1760852,0

717448,9

2299,0

1368,6

677,0

 

-РБ

1657385,9

714813,1

1551,0

840,0

350,0

 

-ЖБ

103466,1

2635,8

748,0

528,6

327,0

3

3-ші бағыт

4451,2

1199443,4

1455,8

1141,3

495,3

 

-РБ

2137,0

0,0

0,0

0,0

0,0

 

-ЖБ

2314,2

1199443,4

1455,8

1141,3

495,3

 

Барлығы

1765513,2

1917112,3

3984,8

2749,9

1417,3

 

Дата публикации
21 июня 2023