Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңының 16 бабы 3 тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
- Маңғыстау ауданы «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында комплаенс – қызметі құрылсын.
- Кәсіпорында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін комплаенс қызметіне жауапты болып заң-консультант Жұмабекұлы Мұхамбет бекітілсін.
- 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» үлгілік қағиданың 11, 12, 13 тармақтарында айқындалған мәтіні бойынша ішкі талдау жүргізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын қадағалуды өзіме қалдырамын.
Директор А. Адыров