Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес:
- «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау 2023 жылдың 01- 30 маусым күндер аралығында жүргізілсін
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып өзіме жүктеймін.
- Ішкі талдау қортындысы бойынша талдамалық анықтама әзірленіп, келісімге ұсынылсын.
Бөлім басшысынының м.а. Р.Саркулова