Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес:
- «Қызан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 27-30 маусым аралығында жүргізілсін.
- Қызан ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі (Л.Ақболатова) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, тиісті талдамалық анықтама жасақтасын.
Осы өкімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауыл әкімі: Қ.Сүлейменов