Қызан ауылы  әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы  өкімі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы      

 

         Қазақстан Республикасының  2015  жылғы  18 қарашасындағы  «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына   сәйкес:

  1. «Қызан ауылы  әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  қызметі  бойынша сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі  талдау  ағымдағы  жылдың  27-30  маусым  аралығында  жүргізілсін.
  2. Қызан ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі (Л.Ақболатова) сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізіп, тиісті талдамалық анықтама жасақтасын.

Осы  өкімнің  орындалысын бақылауды  өзіме  қалдырамын.

 

Ауыл  әкімі:                                                      Қ.Сүлейменов    

Дата публикации
02 июня 2023