Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңына сәйкес:
- «Ақшымырау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 27 – 30 маусым аралығында жүргізілсін.
- Ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімі (К.Мурынова) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, тиісті талдамалық анықтама жасақтасын.
- Осы өкімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауыл әкімі Р.Жумаканов