Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес :
- «Сайөтес ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 27-30 маусым аралығында жүргізілсін.
- Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімі С.К.Далуова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, тиісті талдамалық анықтама жасақтасын.
- Осы өкімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Әкім С.Абдиев