Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес:
- «Шайыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 27-30 маусым аралығында жүргізілсін.
- «Шайыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бас маманы Ж.Нұрбергенова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, тиісті талдамалық анықтама жасақтасын.
- Осы өкімнің орындалысын өзіме қалдырамын.
Ауылдық округ әкімі Г.Тажиев