Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №195 «Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №195 «Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4455 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.