VIII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші cессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 10-бабына сәйкес Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- VIII шақырылған Маңғыстау аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылдың 30 наурыз күні сағат 11:00-ге шақырылсын.
- Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында қаралатын күн тәртібі белгіленсін.
- Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күн тәртібі:
- 2023 жылғы 19 наурызда өткен аудандық мәслихат депутатары сайлауының қорытындылары туралы.
- Аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау туралы.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелерін сайлау туралы.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы С. Ордабаев