Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.»;
6 тармақта:
3) тармақшаның 18 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік көмек жекелеген келесі санаттағы мұқтаж азаматтарға бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:
1) әлеуметтік маңызды аурулары бар: қатерлі ісіктері бар, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табыстарын есепке алмай мүгедектік алғанға дейін бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, табыстарын есепке алмай бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде;
3) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар, Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6 бабында көзделген негіздер бойынша, өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылған адамдарға (отбасыларға) бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес;
4) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, мәдениет және спорт саласында оқитын, өтініш берген айдың алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар студенттерге жартыжылдықта 1 рет оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының жартысының мөлшерінде және тамақтануға, тұруға кететін шығындарды ішінара өтеу үшін ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
мүгедектігі бар адамдар болып табылатын студенттерге;
жетімдерге, балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;
ата-анасының екеуі де болмаса ата-анасының біреуі мүгедектігі бар адам (дар) болып табылатын немесе ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын студенттерге;
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар, оның ішінде кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін жоғарғы оқу орнында орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасының студенттері (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға табысы есептелмей шипажайлық-курорттық жолдама беріледі;
6) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе мүгедектігі бар бала санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілген жағдайда, оны санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін жеке көмекшісіне немесе қамқоршысына жолдаманың кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде уәкілетті органмен төленеді.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |