Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 195 «Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 195 «Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

         Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» 2021 жылғы 3 ақпандағы № 195 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4455 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
21 февраля 2023