Маңғыстау ауданының экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстары және алда атқарылатын жұмыстары

Маңғыстау ауданының экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстары және алда атқарылатын жұмыстары

 

Маңғыстау ауданын дамыту бағытында 2021 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттер туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Ағымдағы жылдың 9 мен 18-шы наурыз аралығында барлық елді мекендерде әкімдердің есептік кездесулері өтті.

Кездесулерде тұрғындар тарапынан 81 ұсыныс-пікір түсіп, іс-шаралар жоспары жасақталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, түскен ұсыныстар мен атқарылған жұмыстар  туралы есеп беретін боламыз.

Аудан халқының саны – жалпы ұлттық халық санағы бойынша 36 900 адам (2019 жылы – 39 200 адам, 2020 жылы – 39 700 адам). Аудан құрамына 5 ауыл және 7 ауылдық округ (9 елді мекен) кіреді.

Жыл бойы мемлекеттік органдар тарапынан 504 өтініш қаралды (2020 жылы – 1752), оның ішінде жеке тұлғадан – 421 (2020 жылы – 1528), заңды тұлғадан - 83 (2020 жылы – 224), Жоғарғы органнан келіп түскен өтініштер саны – 11 (2020 жылы – 11).

Аудан әкімдігімен 30 қабылдау жүргізілді (2020 жылы – 44).

Аудан бюджеті

2021 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер бөлігі 6 млрд. 108 млн. теңгені құрап, жыл ішінде 4 рет нақтыланып, 8 млрд. 38 млн. теңгені құрады. Кірістер бөлімі 7 млрд. 142 млн. теңге түсіріп, 89%-ды құрады (2019 жылы 5,8  млрд. теңге, орындалысы 103,6% - 6,1 млрд. теңге, 2020 жылы 12 млрд. 179 млн. теңге, орындалысы 101,7% - 12 млрд. 391 млн. теңге).

Ал, аудан бюджетінің шығыстары 5 млрд. 526 млн. теңге болып, жыл ішінде 4 рет нақтыланып, 8 млрд. 351 млн. теңге болды. Шығыстардың орындалысы 7 млрд. 408 млн. теңгені  құрап, 89 %-ға игерілді (2019 жылы 12,8 млрд. теңге, орындалысы 99,8% - 12,7 млрд. теңге, 2020 жылы 13 млрд. 294 млн. теңге, орындалысы 99,3% - 13,2 млрд. теңге).

Республикалық бюджет есебінен 2 млрд. 133 млн. теңге нысаналы трансферт жоспарланып, орындалысы 1 млрд. 649 млн. теңгені құрап 77 пайызға игерілді. 

Жыңғылды ауылында спорт зал құрылысын салуға 259,6 млн. теңге бөлініп, мердігер тауар бағаларын қымбаттауын алға тартып, жобалық-сметалық құжаттарды қайта есептеді.

Шетпе ауылының Ащыбұлақ ықшам ауданында автомобиль жолын салуға 207,9 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алуларға қатысқан мердігерлердің біреуі мемлекеттік сатып алу шарттармен келіспей сотқа талап арызымен жүгінді, осыған орай, сот мердігердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырып, аудандық, облыстық, республикалық сот шешімдері шықты.

Басқұдық - Бекі топтық су құбырына қосылатын Басқұдық, Бекі елді мекендерін сумен қамту – 16,5 млн. теңге үнемделген қаржы;

Жергілікті бюджет 92,6 пайызға игерілді. Ауданның қолма-қол бақылау шотында қаражат жеткіліксіз болуынан, төмендегі нысандар орындаусыз қалды, оның ішінде:

Басқұдық -Бекі топтық су құбырына қосылатын Басқұдық селосы, Бекі селосы елді мекендерін сумен қамту 62,5 млн теңге;

- Шетпе селосында кәріз иммаратарын салу-75,1 млн теңге;

«Шетпе-Қызан» 85-110 шқ. автомобиль жолын қайта құрылымдауға -3,9 млн теңге;

Сай-Өтес станциясындағы теміржол үстінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын - 3,0 млн теңге;

Шетпе селосындағы темір жол өткелі жанындағы автомобиль жолын кеңейтуге ЖСҚ жасақтау -1,3 млн теңге;

Жана-Орпа шағын ауданы автокөлік жолының құрылысына ЖСҚ жасақтау (көпір салу) -1,0 млн теңге;

№1, 2 Көгез-Ақмыш, Шайыр-Мойнак ұңғымаларын бұрғылау – 6,8 млн. теңге.

Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер (компенсация) - 289,9 млн. теңге.

Дипломмен ауылға

Маңғыстау ауданында 2021 жылға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» үшін 215 маманға 62 млн. 715,5 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді (100 айлық есептік көрсеткіш, 291 700 теңге). Оның ішінде, білім саласынан – 176 маман, денсаулық сақтау саласынан – 31 маман, мәдениет саласынан – 1 маман,спорт саласынан – 2 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласынан – 5 маман.

2019 жылы 96 маманға 22 млн. 904 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде білім саласынан 77 маман, денсаулық сақтау саласынан 16 маман, мәдениет және спорт саласынан 1 маман, ауыл шаруашылығы 1 маман, ветеренария саласынан 1 маман.

2020 жылы 115 маманға 29 215,5 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы. Оның ішінде білім саласынан  84 маман, денсаулық сақтау саласынан 22 маман, мәдениет  саласынан 3 маман және спорт саласынан 1 маман, ауыл шаруашылығы және ветеренария саласынан 5 маман.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 53 маманға тұрғын-үй сатып алуға 231 млн. 901 мың теңге бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде, білім саласынан – 46 маман, денсаулық сақтау саласынан – 3 маман, спорт саласынан – 3 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласынан – 1 маман.

2019 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 59 маманға тұрғын-үй сатып алуға 222 млн. 623 мың теңге бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде білім саласынан 49 маман, денсаулық сақтау саласынан 9 маман, мәдениет және спорт саласынан 1 маман.

2020 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «77 маманға тұрғын-үй сатып алуға 302 149,3 мың теңге бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде білім саласынан 62 маман, денсаулық сақтау саласынан 13 маман, мәдениет және спорт саласынан 1 маман, ауыл шаруашылығы және ветеренария саласынан 1 маман.

Ауыл шаруашылық  саласы

Аудан көлемінде 576 шаруа қожалығы бар (2019 жылы – 425, 2020 жылы - 508). Оның 36-сы егін шаруашылығы, 540-ы мал шаруашылығымен айналысады.

Өткен жылдың есебі бойынша 9610 сиыр (2019 жылы – 8255, 2020 жылы - 10488), 27206 түйе (2019 жылы – 25612, 2020 жылы - 25462), 53106 жылқы (2019 жылы – 38640, 2020 жылы - 47129), 161 388  қой-ешкі (2019 жылы – 153892, 2020 жылы - 171131) болды. Жасыл дәліз – 2 бағдарламасы бойынша 30 670 бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.

Ауылшаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы, соның ішінде ет, сүт, жұмыртқа өндіру.

Тірілей салмақта 4142 тонна ет (2019 жылы – 3272 тн, 2020 жылы- 3327 тн), 123 мың дана жұмыртқа (2019 жылы – 115 мың, 2020 жылы – 116 мың) өндірілді.

Былтыр 17 бригада 3 350 тонна шөп дайындады. Өзге облыстардан 31 750 тонна шөп тасымалданды. Биыл шөп шабушы бригадалар саны аз, өйткені өңірдегі қуаңшылық салдарынан шабындықта шөп сұйық, селдір болғандықтан шөптің түсімі төмен болды.

Өз жерімізде дайындалған салмағы 18-20 кг 1 тук шөп 700-1000 теңге  аралығында сатылса, өзге облыстардан келген 1 тук шөп 1300-1500 теңге аралығында сатылды. Өзге облыстардан тасымалданған орама шөп бағасы 10 000 – 18 000 теңге аралығында сатылды.

Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен қуаңшылыққа байланысты шөппен қамтамасыз ету мақсатында 1,1 млрд. теңге қарастырылып оның 421 млн. теңгесі және жем тасымалы үшін де жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге қарастырылып оның 408 млн. теңгесін Маңғыстау ауданы бойынша тағайындалған операторлар алып, аудан көлемінде қыстық қор жасақтап, жем-шөп тасымалын ұйымдастырды.

Сонымен қатар қуаңшылыққа байланысты «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы шаруаларға жем-шөп тасымалына көмек ретінде 46 тонна дизель отынымен көмектесті.

«Қызыл Ай» қоғамдық қоры қолдауымен Маңғыстау ауданының қуаңшылықтан зардап шеккен тұрғындарына 170 000 теңгеден 500 отбасыға көмек ретінде 85 млн. теңге төленді.

Маңғыстау облысына қуаңшылыққа байланысты үй шаруашылығындағы және шаруа қожалықтарындағы тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына үкімет резервінен 1,9 млрд. теңге қаржы қарастырылып оның 553 млн. 848 мың теңгесі көрсетілген талаптарға сәйкес Маңғыстау ауданы тұрғындарына берілді. Оның ішінде 195 шаруа қожалығына 158 млн. 351 мың теңге, 2 817 үй шаруашылығына 395 млн. 496 мың теңге.

Субсидиялаудың мал азығы шығындарының құнын арзандату бағыты бойынша 19 шаруа қожалығы 22 млн. 824 мың теңге көлемінде бекітілген қағидаларға сәйкес субсидия алды.

Мал азығы жем әкелумен тұрақты түрде 9 жеке кәсіпкер айналысады. Жекелеген шаруа қожалықтары да вагондап жем алдырып отыр. 2021 жылға 388 вагон, 23 200 тонна жем келіп, бағасы 1700-2100 теңге аралығында сатылды.

Егін  шаруашылығы

Егін шаруашылығы Жыңғылды, Өтес, Үштаған, Онды, Шайыр ауылдары аумақтарында өсіріледі. 37 шаруа қожалығы 262 гектар жерге көкөніс бақша дақылдарын екті. Оның ішінде 236 га жерге тамшылата суару қондырғысын пайдаланды. 6500 тонна өнім өндірілді.

Ауданымызда 2021 жылы көлемі 1 га болатын «Нұржау» жылыжай кешені іске қосылып, қазіргі таңда өнім өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Егін суару мақсатында магистральды су құбырынан су пайдаланған 2 шаруа қожалығының шығынының 85 пайызы субсидияланды. 

Суландыру, жайылысты суландыру, жазғы мал жайылымын пайдалану

 «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мақсатында 9 шаруа қожалығының ұңғыма қаздыруға кеткен шығындарының 50% субсидияланды.

Ауыл шаруашылығы  тауар  өндірушілерін  қолдау

«Еңбек» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облысы филиалы арқылы 19 адам 74,4 млн. теңге көлемінде несие алды.

«Агро Несие Корпорациясы» АҚ Маңғыстау облысы филиалы арқылы 25,0 млн. теңге жоспарланған, одан 5 адамға 58,8млн. теңге несие берілді.

«Атамекен» микро қаржы ұйымы арқылы 17 адам 82,0 млн. теңге несие алды.

Барлығы аудан бойынша 41 адам 215,2 млн. теңге несие алды.

Жер қатынастары

Маңғыстау ауданының жер көлемі 4 701 832 гектарды құрайды. Оның ішінде 3 182 304 гектары ауданның босалқы жері, 200 730 гектары елді мекендердің жері, ауылшаруашылығына арналған жер 1 131 195 гектар. 2021 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған жер көлемі 2 256 гектар және 58 000 гектар жер акттеліп, қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлік саласы

Қазіргі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлер саны – 2860 (2019 жылы – 2727, 2020 жылы – 2761), алдыңғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,6 пайызға өскен.

Аудан кәсіпкерлеріне:    

«Nur Kapıtal» Өңірлік бағдарламасы аясында 2021 жылы жолаушылар тасымалдауға ЖК А.Жанбуршиевтің жобасы, 23,7 млн. теңгеге пассажирский Газель, ПАЗ автобус алды.

 2021 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесіне 1 бағыт бойынша 10 бизнес- жоба 105,49 млн. теңге, 2 бағыт бойынша 7 бизнес- жоба 794,31 млн. теңге, барлығы 899,8 млн. теңгеге 17 бизнес-жоба, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» субсидияланды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" бағдарламасы бойынша Кәсіпкерлер палатасы арқылы 2021 жылға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 5 топ 110 адам оқыту жоспарланған, 2021-жылдың мамыр айынан тамыз айы аралағында 7-топта 148 адам оқытылып, 142 адам сертификат алды. Оның ішінде 65 адам 583 400 теңгеден барлығы 37 млн. 921 мың теңге грант алды.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету

Ауданда әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын қадағалайтын аудандық штаб құрылып, күнделікті бақылауда ұстап отыр.

Маңғыстау ауданында 9 наубайхана, 34 тамақтану орны, 15-мейрамхана, 15 дәріхана, 31 шағын маркет, 165 азық-түлік дүкендері жұмыс жасап тұр. Оның 61-імен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін негізсіз өсірмеу үшін меморандумға отырылып, әлеуметтік бұрыштар жұмыс жасауда. Азық-түлік тауарлары Ақтау қаласынан күнделікті жеткізіліп отыр.

Инвестиция тарту, Өнеркәсіптің өнім көлемінің ұлғаюы.    

Ауданда негізгі капиталға салынған инвестициялар 2021 жылы 58 млрд. 411 млн. теңгені құрады (2019 жылы – 57 млрд. 215 млн., 105,5%, 2020 жылы – 50 млрд. 560 млн., 88,4%). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір көлемін жеке меншік нысанды кәсіпорындар (82,5%), мемлекеттік кәсіпорындар (9,1%), сондай-ақ қызметін Маңғыстау ауданының аумағында жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізу субъектілері (8,4%) игерді.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы көрсеткіштер 2020-жылмен салыстырғанда, 2021 жылға 23 млрд. 812 млн. теңгені құрап 115,6%-ға орындалды. 2021 жылы өнеркәсіптік өнімінің көлемі 411 млрд. 41 млн. теңгені құрап, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 99,1 %- ға орындалды.

Сумен жабдықтау

 «Басқұдық-Бекі топтық су құбырына қосылатын Басқұдық селосы, Бекі селосы елді мекендерін сумен қамту» нысаны бойынша жеңімпаз «Оркен-1» ЖШС. Шарттың жалпы сомасы – 262 млн теңге. 2021 жылы 188 млн. 309 мың теңге қаржысы игерілді.

Аталған жоба Бекі және Басқұдық елді мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен, Бекі елді мекеніне 50 м3, Басқұдық елді мекеніне 25 м3 су сақтау қоймасымен қамтамасыз етеді.

 «Жармыш ауылында кентішілік су құбырын салу және қайта құрылымдау.Түзету» нысаны. Мердігер мекеме «Көлсай» ЖШС. Шарттың жалпы сомасы – 254 489,0 мың теңге.

Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың мерзімі өтіп кетуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі №304 «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен обьектілерді салуға арналған жобаларды (ТЭН және ЖСҚ) бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 16-тармағына сәйкес жобаға түзету жұмыстарын жүргізу үшін құжаттары жасақталуда.

Инженерлік -  коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

«Шетпе ауылында кәріз тазалау иммаратын салу» нысаны бойынша 2018 жылы мердігер «Прикаспийский Құрылыс Басқармасы» ЖШС-мен шарт жасақталды. Шарттың жалпы сомасы – 1 422 683,5 мың теңге. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Аталған жоба бойынша кәріз тазалау иммаратының максималды қуаттылығы тәулігіне 3,9 мың м3 лас суды тазалайды, нысанның жалпы аумағы 167х97 метр. Нысан басында кәріз тазалау блогының өнімі, 18х12 м әкімшілік-қажеттілік ғимараты, механикалық және биологиялық тазалау блогы, тазаланған суды айдау станциясы, қазандық ғимараты және жалпы ұзындығы 450х450 м су жинағыш тоған құрылыстарын қамтиды.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша

«Жармыш ауылында кітапханасымен 200 орындық ауыл клубын салу» нысаны бойынша 2021 жылдың қараша айында құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен нысан қабылданып, пайдалануға берілді.

«Жыңғылды ауылында спорт зал салу»  нысаны бойынша 2021 жылы конкурс өткізіліп, жеңімпаз «Оңдасын Строй» ЖШС-гі танылды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша:

Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау бойынша 2021 жылдың жылдық жоспары 55 400 ш.м. құрап, 2021 жылға 55 517 ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға қабылданып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.

«Шетпе селосындағы 2 қабатты ғимаратты шағын отбасылық пәтерге қайта құрылымдау» нысаны бойынша 2021 жылы мемлекеттік сатып алу өткізіліп, жеңімпаз «АС Құрылыс» ЖШС-мен шарт жасақталды. Шарт сомасы – 307 975,5 мың теңге. Нысан 2022 жылға өтпелі. Жоба 26 жас отбасыларды тұрғын  үймен қамтамасыз етеді.

Газ желісімен қамту бойынша:

"Тасмұрын және Тиген тұрғын алаптарының газ тарату жүйелерін салу" нысаны бойынша 2021 жылы жеңімпаз мердігер мекеме «СМК-4» ЖШС. Келісім шарт сомасы- 536 000,0 мың теңге. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалар

  1. «Шетпе ауылы Қосбұлақ-1 шағын ауданынан жаңадан берілген жер телімдеріне электр желісін және газ құбырын тарту құрылысы»
  2. «Шетпе ауылынан тоқ және газ желілері тартылмаған жеке тұрғын үйлерді тоқпен және газбен қамту құрылысы», аталған жобаның мақсаты Шетпе ауылынан Ескі Шетпе, Қарашоқы-2, ЖаңаОрпа-2, Ащыбұлақ және Ащыбұлақ-2 шағын аудандарындағы тоқ және газ желілері тартылмаған жеке тұрғын үйлерді тоқпен және газбен қамту.
  3. «Онды ауылдық округі Бекі ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысы»
  4. «Тұщыбек ауылы Шипажай, Қызылтаң шағын аудандарынан тоқ желілері тартылмаған жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерді тоқпен қамту құрылысы»
  5. «Қызан ауылынан тоқ және газ желілерінің құрылысы»
  6. «Жыңғылды ауылы Қожагелді батыр шағын ауданынан жаңадан бөлінген жер телімдеріне ток желісін, газ және су құбырын тарту құрылысы»
  7. «Шебір-Тұщықұдық су құбыры торабының құрылысы»
  8. «Шетпе ауылында кәріз жүйесін салу. 2-кезең.Түзету»
  9. «Тұщыбек ауылында бастауыш мектепке қосымша ғимарат салу»
  10. «Шетпе ауылындағы, А.Меңдалыұлы орта мектебіне қосымша ғимарат салу»

11.«Шетпе ауылындағы Жаңа Орпа-2, Ащыбұлақ-1 және Ащыбұлақ-2 тұрғын массивтерін сумен жабдықтау құрылысы. 1кезең.Түзету»

Жасақталып жатырған жобалық-сметалық құжаттамалар

  1. «Жармыш ауылынан тұрғын үйлерге тоқ желілері және газ құбыры құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасының шарт бойынша жобалау жұмыстары толықтай аяқталды. Қазіргі таңда сараптамада жобаның жиынтығы мен толықтығы тексерілуде.Аталған жобаның мақсаты Жармыш ауылынан Батыс және Бердалы шағын ауданындағы тоқ және газ желілері тартылмаған жеке тұрғын үйлерді тоқпен және газбен қамту.
  2. «Шетпе ауылындағы кәріз жүйелерінің құрылысы. Жаңа Орпа Ащыбұлақ тұрғын массивтерінің кәріз желілері. 1-кезек» жобалық-сметалық құжатамасын түзету бойынша қазіргі таңда жобалау жұмыстары толықтай аяқталды. «Мемлекеттік» сараптамадан өткізу үшін, сараптама құны 2022 жылдың бағаларымен қайта есептелуде.
  3. «Қалыпты геологиялық жағдайлы IVA, IVГ климаттық бөлшек аудандарына арналған 600 орындық жалпы білім беретін орта мектеп» типтік жобасын Шетпе селосындағы Қосбұлақ-2 шағын ауданында байластыру» жұмыс жобасы бойынша 2021 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін тиісті қаржысы бөлінбеуіне байланысты, қазіргі таңда құрылыс материалдарының құны күрт өсуінен, жобаның сметалық құны қайта есептелуде.
  4. «Ақшымырау ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша «Проектный Центр» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 5 399,7 мың теңге. Қазіргі таңда сметалық құны есептелуде.
  5. «Қызан ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша «Проектный Центр» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 5 399,7 мың теңге. Қазіргі таңда сметалық құны есептелуде.
  6. «15 бекетті газ құбырымен қамту құрылысы» жұмыс жобасы бойынша «Редлайн ПРО» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 14 149,3 мың теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.
  7. «Онды ауылдық спорт кешені ғимараты құрылысы» жұмыс жобасы бойынша «Коорпарация Асыл-Строй» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 6 822,2 мың теңге. 2021 жылы 1 500,0 мың теңге қаржысы игерілді. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.
  8. «Шетпе ауылындағы Жаңа Орпа-2, Ащыбұлақ-1,2 шағын аудандарында су тазарту құрылыстарын салу және ұңғымаларды бұрғылау бойынша» жұмыс жобасы бойынша «Проектный Центр» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 14 784,1 мың теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.
  9. «Шебір ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу нысаны» жұмыс жобасы бойынша «Астана Микс Бюлдинг» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 1 975,3 мың теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.
  10. «Шетпе ауылын сумен жабдықтау үшін резервуарларды қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша «Қаз Нұр жобалау институты» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 10 819,3 мың теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.
  11. «Сай-Өтес ауылында 200 орындық кітапханасы бар ауылдық клуб құрылысы» жұмыс жобасы бойынша «Редлайн ПРО» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Келісім шарт сомасы 17 631,0 мың теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Транспорттық инфраструктураны дамыту

Автомобиль жолдары туралы

Аудандық дәрежедегі 294 шақырым автомобиль жолдарының 245 шақырымы асфальтобетон қосындысы бар қатқыл табанды, ал 49 шақырымы жартылай қиыршық тасты құрайды. Автокөлік жолының 71% – жақсы, 12% – қанағаттандырарлық, 17% – нашар жағдайда. Бұл жолды күтіп ұстау жұмысына - «Абат» ЖШС жауапты. 2021 жылға – 146,710 млн.теңге бөлініп, бекітілген кестеге сай жұмыстар жүргізілді.

2021 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған автокөлік жолдары:

«Аудандық дәрежедегі Шетпе-Тиген-Қызан автокөлік жолын орташа жөндеу, 0-21 шақырым аралығы» жұмысы: Жалпы ұзындығы: 21 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы. Шарт құны – 333,457 млн.теңге.      Мердігер: «Дорстрой» ЖШС. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, қабылдау акті жасақталды.

«Аудандық дәрежедегі Кызан-Акшымырау автокөлік жолын орташа жөндеу, 14,7 шақырым» жұмысы:     Жалпы ұзындығы: 14,7 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы. Шарт құны – 363,025 млн.теңге. Мердігер: «Дорстрой» ЖШС. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, қабылдау акті жасақталды.

«Аудандық дәрежедегі "Онды демалыс орнына кіре беріс, 0-6 шқ" автокөлік жолы аралығын орташа жөндеу» жұмысы: Мердігер – «МКДСМ» АҚ. Шарт құны - 112,739 млн.теңге. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, қабылдау акті жасақталды.

«Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Сай-Өтес станциясындағы теміржол үстінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы» жұмысы:  Мердігер – «Ақжолқұрылыс» ЖШС. Шарт құны - 54,684 млн.теңге. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, қабылдау акті жасақталды.

Қаржыны қажет ететін автомобиль жолдары

«Шетпе-Қызан автокөлік жолын қайта құрылымдау 49-85 шқ (Тасмұрын-Мәстек аралығы)» жұмысы,         Жалпы ұзындығы: 36 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы. Шарт құны – 2,493 млрд.теңге. Мердігер: «Аltynzhol Group» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жұмысты толығымен аяқтау үшін 90,6 млн.теңге қаржы қажет.               

«Шетпе-Қызан автокөлік жолын қайта құрылымдау 85-110 шқ (Мәстек-Қызан аралығы)» жұмысы: Жалпы ұзындығы: 25 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы. Шарт құны – 3,249 млрд.теңге. Мердігер: «Аltynzhol Group» ЖШС. 2021 жылға 375,00 млн.тенге қаржы қаржы бөлініп, 4 шқ айналма автокөлік жолы дайын. 3 шқ автокөлік жолының жер жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмысы өтпелі болып табылады. Құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау үшін 2,874 млрд.теңге қаржы керек.

«Шебір ауылішілік автокөлік жолы құрылысы» жұмысы:      Жалпы ұзындығы: 5,6 шқ ауылішілік автокөлік жолы. Шарт құны – 314,443 млн.теңге. Мердігер: «Аltynzhol Group» ЖШС. 2019-2020 жылдары құрылыс жұмыстарына 110,683 млн.теңге қаржы игеріліп, 1,8 шқ автокөлік жолының құрылысы аяқталды.      2021 жылға 76,600 млн.теңге қаржы  бөлініп құрылыс, 2 шқ автокөлік жолының негізі дайындалып, ШПГС төселді, асфальт жабыны төселінді. Құрылыс жұмыстары өтпелі болып табылады. Жұмысты толығымен аяқтау үшін 127,159 млн.теңге қаржы қажет.          «Жыңғылды ауылы автокөлік жолының құрылысы» жұмысы.         Жалпы ұзындығы: 5,1 шқ ауылішілік автокөлік жолы. Шарт құны – 236,9 млн. теңге. Мердігер: «Ақжол+К» ЖШС. 2021 жылы құрылыс жұмыстарына 122,232 млн.теңге қаржы бөлініп, 5,1 шқ автокөлік жолының негізі дайындалып, ПГС, ШПГС төсеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстарын осы жылы толықтай аяқтау жоспарлануда.

Орташа жөндеу жұмыстары бойынша:

«Тобыкты жеріне кіре беріс автокөлік жолын орташа жөндеу» жұмысы: Мердігер – «Акжол+К» ЖШС. Шарт құны - 147,168 млн.теңге. Құрылыс жұмыстарына 2020-2021 жылдарға 100,0 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау үшін 47,168 млн.теңге қаржы керек.

«Шетпе ауылы Ашыбұлақ ауылішілік автокөлік жолының құрылысы, 20  шқ» жұмысы: Алдын-ала сатып алу жоспары бекітіліп, байқау жарияланды. Жоба құны – 710,500 млн.теңге. 2021 жылға – 207,991 млн.теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда, жеңімпазды анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті арасында сот процессі өткізілуде. Сот шешімі негізінде жеңімпаз мекеме анықталды. Қаржысы бөлініп келісім шарт жасақталынған соң құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

«Отпан тау тарихи-мәдени демалыс кешеніне кіре-беріс автокөлік жолын орташа жөндеу» жұмысы. Алдын-ала сатып алу жарияланып, «Хазар Мунай Газ Курылыс» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жоба құны – 81,443 млн.теңге. Қаржы бөлінуіне байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Дайын жобалар:

«Ақшымырау ауылішілік автокөлік жолы құрылысы» жұмысы:

Жоба құны – 553,623 млн.теңге.

  1. «Аудандық дәрежедегі Таспас каръеріне кіре беріс жолын орташа жөндеу, 8,4 шақырым». Жоба құны – 162,188 млн.теңге.
  2. «Сайөтес-Сисем Ата автокөлік жолының құрылысы 35 шқ». Жоба құны – 3,386 млрд. теңге.
  3. «Шетпе-1 шағын ауданы автокөлік жолының құрылысы». Жоба құны – 374,337 млн.теңге.
  4. «Базарлы ауылішілік автокөлік жолының құрылысы, 7,65 шқ» ЖСҚ жасақтау. Жоба құны – 691,547 млн.теңге.
  5. «Шетпе ауылы Жаңа Орпа шағын ауданына автокөлік жолының құрылысы» нысанына ЖСҚ жасақтау. Жоба құны – 135 млн. теңге.

Жобалық-сметалық құжаттамалар:

«Шетпе ауылы Жаңа Орпа-2 ауылішілік автокөлік жолының құрылысы, 3 шқ» ЖСҚ жасақтау. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылып, тексеріс жүргізілуде.

«Шетпе ауылында орналасқан темір жол өткелі маңындағы автокөлік жолын кеңейту» ЖСҚ жасақтау. Қазіргі таңда жобаға толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

«Онды ауылішілік автокөлік жолының құрылысы» нысанына ЖСҚ жасақтау. Автокөлік жолының ұзындығы – 4,9 шқ. Шарт құны – 12,102 млн.теңге.

«Жармыш ауылішілік автокөлік жолының құрылысы» нысанына ЖСҚ жасақтау. Алдын-ала сатып алу жарияланып, «Проектный Центр» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Автокөлік жолының ұзындығы – 5 шқ. Шарт құны – 9,189 млн.теңге.

«Шайыр ауылішілік автокөлік жолының құрылысы» нысанына ЖСҚ жасақтау. Қазіргі таңда ПИР жасақталды. Құны – 8,490 млн.тенге. Қаржы бөлінісімен, байқау жарияланып, жобалау жұмыстары басталатын болады.

«Маңғыстау ауданы Манат асуынан мал айдау жолын салу» жобасына ЖСҚ жасақтау. Қазіргі таңда ЖІЖ жасақталды. Құны – 4,524 млн.тенге. Қаржы бөлінісімен, байқау жарияланып, жобалау жұмыстары басталатын болады.

«Маңғыстау ауданы Оңтүстік Үстірт аймағында автокөлік жолының құрылысы» жобасына ЖСҚ жасақтау. Қазіргі таңда ЖІЖ жасақталды. Құны – 101,473 млн.тенге. Қаржы бөлінісімен, байқау жарияланып, жобалау жұмыстары басталатын болады.

«Шетпе ауылы – Бекет 13 аралығы, ПК 5 311 шақырымына аспалы көпір салу құрылысына» ЖСҚ жасақтау. Аталған жоба бойынша ЖІЖ(ПИР) жасақталынды. Құны - 13,508 млн.теңге. Жоба бойынша бюджеттік өтінім ұсынылды.

«Самал демалыс орнына кіре-беріс автокөлік жолын орташа жөндеу, 3,41 шқ».  Жоба құны – 198,103 млн.теңге. Сметалық құжаттама жасақталынды.

«Айрақты демалыс орнына кіре-беріс автокөлік жолын орташа жөндеу, 5 шқ».  Жоба құны – 290,474 млн.теңге. Сметалық құжаттама жасақталынды.

«Шерқала демалыс орнына кіре-беріс автокөлік жолын орташа жөндеу, 5 шқ». Жоба құны – 198,103 млн.теңге. Сметалық құжаттама жасақталынды.

  Телефон және интернет

        «Маңғыстау облысы Маната асуына мобильдік байланыспен қамтамасыз етуге арналған антенналық-діңгектік құрылысы», жоба құны – 79,048 млн. теңге. Мердігер – «Нұрлы жол» ЖШС. Келісім шарт құны – 63,064 млн.теңге. Жобалық құжаттамада берілген 600 м талшықты оптикалық байланыс желісі, 11 шақырым әуе электр желісі іс жүзінде 4,5 шақырым талшықты оптикалық байланыс желісі, 13 шақырым әуе электр желісі болуына байланысты, мердігер қосымша қаражат сұрауда.

        «Шетпе-Қызан-Ақшымырау ауылдарына талшықты оптикалық байланыс желісін тарту, 130 км» жұмыс жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

        «Шетпе-Тұщықұдық-Шебір ауылдарына талшықты оптикалық байланыс желісін тарту, 95 км» жұмыс жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

        Сонымен қатар, ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттамасы) дайын тұрған, Шайыр – Жыңғылды селоларына талшықты байланыс жүйесін тарту жұмысына, Жыңғылды селоішілік байланыс жүйесіне және Боздақ елдімекені ішінің байланыс жүйесі құрылысы жобалары сараптамадан оң нәтиже беріп, 2022 жылға бюджеттік өтінім берілді

         Тұрғын үйлер туралы

        2021 жылы Маңғыстау ауданы  бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тіркелген – 343 адам кезекте тұр, оның ішінде:  халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын – 122, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 79, көп балалы отбасы – 131, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 8, тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған – 3 адам.

        2021 жылға Маңғыстау ауданы бойынша ипотекалық несиенің бастапқы жарнасының бір бөлігін жабуға арналған 2 тұрғын үй сертификаты берілді. Аталмыш жылда «Отбасы банк» АҚ-на Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша Маңғыстау ауданының 18 тұрғыны өтініш білдірді. Банкпен 4 тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, оның ішінде 3 тұрғын банкпен келісім шарт жасасып үйлі болды.

        Маңғыстау ауданы бойынша кезекке қойылған көп балалы отбасыларды пәтермен қамту мақсатында, көпқабатты 24 пәтерлі тұрғын үй салынып, табысталды.

         Ұңғыма қазу жұмыстары

        Көгез-Ақмыш жерінде 300м тереңдікте №2 ұңғыма қазу жұмысы бойынша құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды.

        Шайыр-Мойнақ жерінде 160 м тереңдікте ұңғыма қазу жұмысы  бойынша құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды.

        Көгез-Ақмыш жерінде 300м тереңдікте №3 ұңғыма қазу жұмысы.  Жоба өтпелі, осы жылы қосылады.

        «Дария» МКК-ның  алажақ – бережағы туралы

«Дария» МКК-ның 24.03.2022 ж бережағы:

  1. «Маңғыстау Жарық» ЖШС-не – 190 372 476 теңге;
  2. «РЦКУ» ЖШС-не – 742 072 теңге;
  3. «КазТрансГазАймақ» АҚ-на – 6 615 202 теңге;
  4. «Су өндіру және тасымалдау» ЖШС-не – 4 892 956 теңге;
  5. «Темміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-не – 6 421 278 теңге;
  6. «МРЭК» АҚ-на – 8 948 115 теңге;
  7. «ЖЭК қолдау жөніндегі ЕАҚО» ЖШС-не 2 800 109 теңге;

Барлығы: 220 792 211 теңге.

        «Дария» МКК-ның барлық бережақ мөлшері 220 792 211 теңгені құрады. Аталған кәсіпорындарға берешекті өтеу бойынша арнайы келісілген берешек кестесі жасақталып, қаражат ай сайын аударылып отыр.

«Дария» МКК-ның 24.03.2022 ж алажағы:

  1. Көше жарығы үшін ауыл әкімшіліктерінен – 16 410 704 теңге;
  2. Субсидия – 26 192 737 теңге;
  3. Жылу үшін мекемелерден – 175 603 теңге;
  4. Жылу үшін тұрғындардан – 4 046 181 теңге;
  5. Су үшін мекемелерден – 238 814 теңге;
  6. Су үшін тұрғындардан – 6 439 028 теңге;

Барлық алажақ 53 503 068,33 тг

         Білім беру саласы

        Маңғыстау ауданында жалпы білім беретін 22 мектеп, 1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі, 1 балалар өнер мектебі қызмет етеді.

        2021-2022 оқу жылын аудан мектептері 8519 оқушымен бастады, Білім сапасы – 51,9 пайыз болса, үлгерім – 100 пайыз болды.

        Мектептердегі қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша аудандағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Жазбаны сақтау  мерзімі 30 күн. Бейнебақылау жүйесі Полиция Департаментінің Жедел Басқару орталығына қосылды.     Ауданның барлық мектебіне дабыл тұтқасын орнату үшін  ішкі қаражат есебінен 4 млн. 140 мың қаржы қаралып, 22 мектепке және өнер мектебіне толық қондырылды.

        Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

        Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша аудандағы 30 балабақшада (20 мемлекеттік, 10 жекеменшік) 2 244 бала тәрбиеленіп отыр. Аудандағы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша 100 пайыз, 1 - 6 жас бойынша 72,8 пайыз қамтылуда. 

        Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шетпе ауылынан «Айназ» жекеменшік балабақшасы ашылды.

        Материалдық-техникалық базаны көтеру

        Жаңа оқу жылына білім беру мекемелерін жаңғырту мақсатында        6 мектепке (А.Өтепбергенов, А.Меңдалыұлы, М.Атымов, Ә.Жангелдин, Тобанияз, Тұщыбек мектеп-бөбекжайы кешені) ағымдық жөндеу үшін 189 млн. теңге қаржы бөлініп, Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурс өткізіп мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

        Осы 7 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер (физика, химия, биология кабинеттері үшін) облыстық бюджеттен 118 млн. 986 мың теңге қаржы қаралып конкурс өткізіліп, 21 (физика 7 дана, химия 7 дана, биология 7 дана)  жаңа оқу кабинеттері мектептерге алынды.

        2021-2022 оқу жылына оқулықтарға 133 млн. 287 мың теңге, (оның 2 млн. 660 мың теңгесі тасымалдау үшін)  бөлінді. 130 млн. 627 мың теңгеге 85 389 дана оқулық 13 баспадан сатып алынды.

        Ауданның барлық мектебіне дабыл тұтқасын орнату үшін ішкі қаражат есебінен 4 млн. 140 мың теңге қаржы қаралып, 22 мектепке және өнер мектебіне толық қондырылды.

         Денсаулық сақтау саласы

        Аудан халқына 99 төсек орынды тәуліктік аурухана, емхана бөлімі және 90 төсектік күндізгі стационар, 10 дәрігерлік амбулатория, 4 медициналық пункт, 3 жеке меншік орталық және Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы шипажай арқылы медициналық көмек көрсетіледі.

        2021 жылы ауданымызға 4 дәрігер маман келді. Қазірде ауданда 82 жоғарғы білімді дәрігер және 377 мейірбике дәрігерлік көмек көрсетеді.

         2021 жылы 1 168 бала дүниеге келді. Бір жасқа дейінгі бала өлімі 2021  жылы 7 (7,2%),  2020 жылы 9 (7,4%).

        Ана өлімі тіркелген жоқ.

        Былтырғы пандемияға байланысты тәуліктік төсек орында 1632 адам ем-шарасын алып шықты. КВИ стационар бойынша 491 адам стационарға түсті, оның жазылып шыққаны 471 адам,стационарда КВИ-ден қайтыс болғаны 18 адам.  

        КВИ-ге қарсы вакцинация алуға 18672 адам жоспарланып I-турын    15 561 адам, II-турын 14 056 адам алды.

        

         Мәдениет  саласы

        Ауданда 12 мәдени нысан және 15 кітапхана қызмет көрсетеді.

        ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындаөткен «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты облыстық ХІІ «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінде аудан өнерпаздары «Бас жүлде» иеленді.

        ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласында өткен «Айрақты-ән, Шерқала-жыр!» атты аудан күндерінде аудан өнерпаздары ұлттық көрме жасақтап, мерекелік концерттерін қойды.

        ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз ел тірегім, самғауыңды тіледім» атты облыстық драма ұжымдарының байқауында Шайыр халықтық драма ұжымы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

        Ізбасар Шыртанов атындағы облыстық фольклорлық ансамблдер байқауында аудандық халықтық «Отпан» фольклорлық ансамблі III орын иеленді.

        Облыстық «Үздік ауылдық мәдениет үйі» байқауынан Онды ауылдық мәдениет үйі IIорын иеленді.

        Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық КТА ойындарында Ұштаған мәдениет үйі жанындағы «Мәмпәси» құрама командасы «Бас жүлдені» қанжығасына байлады.

        «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Тәуелсіздік тұғырым» атты байқауында «Хореография» жанры бойынша аудандық халықтық «Таңшолпан»  би ансамблінің кіші тобы «Бас жүлде» иеленді.

        2021 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша республикалық жол картасына енгізілген аудандық мәдениет үйі, Ұштаған, Онды, Қызан, Тұщықұдық, Шебір ауылдық мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында алдағы жылдарға қалған мәдениет үйлеріне кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

        2021 жылдың соңында Жармыш ауылынан кітапханасымен бірге 200 орындық селолық мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталып, жаңа ғимарат пайдалануға берілді.

 

         Бұқаралық спортты дамыту

        Ауданда 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 бокс залы, 1 күрес залы, 2 жүзу бассейні, 1 орталық стадион, халықтың спортпен айналысуына қолжетімді 11-спорт кешені, 18-ашық спорт алаңы, 25 – балалар ойын алаңы бар. Ауданда спортпен шұғылданушылар саны 15325.

         2021 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Шоқыр Бөлтекұлы атағы берілді. Ш.Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде атбегілік, құсбегілік, жеңіл атлетика, садақ ату спорт түрлері бойынша топтар ашылып, қазіргі таңда спорт мектебінде барлығы 17 топта 1242 спортшы спорттың әр түрімен айналысады.

        Жыл қорытындысымен қазақтың ұлттық саятшылық кәсібін насихаттап жүрген Тұщыбектік құсбегі Айшуақ Тайманов, Елордада ұлттық спорттың үздігі «Алтын Тұғыр-2021» сыйлығын иеленді.         

         2021 жылы аудандық спорт мектебінің спортшылары А. Әбдіразақова джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, А. Ретбаева белбеу күресінен жастар арасындағы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, самбо күресінен жастар арасындағы ҚР Чемионатының жеңімпазы, Н. Адайбек бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатының жеңімпазы, Қ. Әбітұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы, Европа Кубогінің қола жүлдегері, Д. Бүркітбай гір спортынан жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионы, Қырғызстан  Республикасының Талас қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнирінде Б. Нұрсебепов қола жүлдегер, Ғ. Мырзабаев мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы үстел теннисінен ҚР 6-шы спартакиадасының жеңімпазы атанды.

        Былтырғы жылы Республикалық «Ақ бидай» VII ауыл спорты ойындарының ауылдық, аудандық, облыстық  іріктеу кезеңінде қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, бес тас, асық ату, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, тай жарысы, қол күресі, гір тасын көтеру, волейбол, футбол, кикбоксинг, Президенттік көпсайыстық спорт түрлерінен Маңғыстау ауданы құрама командасы облыстық іріктеуде командалық есеппен 2 орынды иеленді.

        2021 жылы Жармыш, Тұщықұдық ауылдарындағы ашық спорт алаңдарына демеушілікпен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалу жайы

        Маңғыстау ауданында 9 – республикалық, 188 – жергілікті дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіштер қорғауға алынған.

        2021 жылы «Маңғыстауреставрация»мекемесі Онды ауылы аумағындағы «Қарауылкүмбет» қауымының қоршауына жөндеу жүргізіп, қорғау тақтасын жаңадан орнатты, күмбез тамға дейін жаяу жүргіншілерге жол, автокөлікке арналған жол салды.

        2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Рутрум» ЖШС Шайыр ауылы аумағындағы «Қызылқала қалашығына» археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

         Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу

        Аудан көлемінде тіркелген жалпы қылмыстар саны 119-дан 108-ге азайып қылмыс деңгейі 9,2 пайызға төмендеуі байқалады .

        Оның ішінде:

        - Ауырлығы орташа қылмыстар 31;

        - Ауыр емес қылмыстар 19.

        - Ауыр қылмыс 31.

        - Кісі өлтіру қылмысы тіркелген жоқ.

        Жалпы тіркелген қылмыстардың басым көпшілігі ұрлық қылмыстары 2020 жылы 32 қылмыс тіркеліп, ашылуы 82,1% құраса, 2021 жылы 35 қылмыс тіркеліп, ашылуы 84,2 пайызды құрады.

        Жол қауіпсіздігінің жай-күйі: 12 ай ішінде тіркелген жол көлік оқиғасы 30, 2020 жылмен салыстырғанда 7 дерекке өсті, қаза болғандар – 17 адам, 2020 жылмен салыстырғанда 4 дерекке және жарақат алғандар – 35 адам адамды құрап отыр.

        Әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту

        Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 202 адамнан өтініш келіп түсті. Оларға 15 млн. 171 мың 317 теңге төленді. Оның ішінде: туберкулезбен ауыратын 42 адамға 3 185 364 теңге, онкологиялық аурумен ауыратын 143 адамға 10 845 406 теңге, дәрі-дәрмек алу үшін 13 адамға 743 835 теңге және төтенше жағдайға байланысты 4 адамға 396 712 теңге төленді.   

        Атаулы әлеуметтік көмекке жыл басынан 447 отбасының өтініші қабылданып, оның ішінде 48 отбасы  табысы күнкөріс деңгейінен жоғары, 3 отбасы өз еркімен бас тартты, 2 отбасы (9 адам) басқа ауданға көшіп кетті, 16 отбасы учаскелік комиссия тексеруімен бас тартты. 175 отбасыға (959 адам) тағайындалып, 74 млн. 162 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 175 отбасының ішінде көп балалы 75 отбасы бар. Шартты ақшалай көмек алатындар 148 отбасы, шартсыз ақшалай көмек алатын 27 отбасы.

        Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылардан 65 адам жұмысқа орналасты, оның 16-і тұрақты жұмысқа тұрса, 43-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 4-еуі әлеуметтік жұмысқа, 2-еуі жастар практикасымен орналастырылды.

        1355 Алтын және Күміс алқалы анаға 7 млн. 905 мың теңге төленді.

        Тұрғын үй көмегін алу үшін 4 отбасыға 66 422 теңге әлеуметтік көмек төленді.

        Атаулы мереке күндері 2195 мүмкіндігі шектеулі адамға 32 млн. 14 мың теңге көмек көрсетілді.

        Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 2021 жылы 2449 адамға  29 млн. 632 мың теңге төленді.

        Жалпы әлеуметтік қорғау шараларына 2020 жылға  қаралған қаржы 136 млн. 515 мың теңге.

 

        Жұмыссыздық мәселесі.

        Өткен жылға Маңғыстау ауданы бойынша 2621 жаңа жұмыс орындары құрылды.Жұмыс іздеп өтініш бергендер саны 2273. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылғаны 1838 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 820 адам, әлеуметтік жұмысқа 91 адам, жастар тәжірибесіне 131 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 550 адам барса, 41 адам микрокредит алды. Жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі 34 адам жұмысқа орналасты.

        9 мүгедек инватакси қызметін пайдаланып келеді.

        Ақтау қаласындағы оңалту және әлеуметтендіру орталығына 40 адам жіберілді, оның 17-сі бала, 23-і ересек адам.

 

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

        Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтің 62 түрінен 10 608  қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік орган арқылы 554, мемлекеттік корпорация арқылы 2 381, Электрондық үкімет веб порталы (e-gov) арқылы 7 673  қызмет көрсетілді.

        Аудан аумағында орналасқан 71 eGov бұрышы арқылы 6762 қызмет алынды. Аудан әкімі аппаратымен 10 мекеменің қызмет көрсету жұмыстары тексеріліп, нәтижесінде 26 заң бұзушылық анықталды, құжаттар қалыпқа келтірілді.

       

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты жолдауында айқындап берген бағыттар бойынша атқарар жұмыстар әрине көп. Ол үшін біздер барлық күш жігерімізбен жұмыла, бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет.

Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс жүйесі қолданылып, барлық ауыл әкімдіктері мен дербес бөлімдердің әлеуметтік желілерде парақшалары ашылған. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелер, сұрақтар мен ұсыныстар бойынша кері байланыс орнату жолға қойылған.

Маңғыстау ауданының даму көрсеткіштері мен жасалған жұмыстардың бағыты қысқаша осындай. Аудан халқының өмір сүру сапасын арттыру бағытында жұмыстана беретін боламыз.

 

Дата публикации
10 января 2022