2022 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 128 қызметтің 55 түрінен 20 434 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен 289, мемлекеттік корпорациямен 6188, электронды үкіметпен 13 972 қызмет алынды. Бұл көрсетілген 55 қызметтің 42 (24 таза электронды) электронды түрде жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жоспарға сәйкес 8 мекемеге және жоспардан тыс 1 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 467 заң бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, бұзылған заң бұзушылықтарды қалпына келтіруге және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 54 ұсыныс берілді.
Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 7664 қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында 13 түсінік жұмыстары, 630 брошюра таратылды, 22 брифинг, 10 ашық есік, 4 қоғамдық қабылдау, 1 тәжірибе алмасу өткізілді, жергілікті атқарушы органдардың Facebook парақшасы арқылы 902 пост жарияланды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы 1 билборд орнатылды.