Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Маңғыстау аудандық Мәслихатының депутаттарын сайлау жөнінде округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың қаңтар айының 15-іне дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау                   2023 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап 15-іне дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін.

Маңғыстау аудандық Мәслихатының төрағасы-Сарбалаев Абзал Бердібайұлы

Мәслихаттың орналасқан жері: Шетпе ауылы,  Орталық алаң, 2 үй.

Жауапты маман– Смағұлова Ақнұр Айтуарқызы, каб. №2, қалааралық телефон коды (872931), 2-20-85, p.maslikhat@mangystau.gov.kz

 

 

Округтік сайлау комиссияларының тізімі:

 

Маңғыстау аудандық мәслихатына депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары:

№1 сайлау округі (Орталық) (орталығы - Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің балалар өнер мектебі» МКҚК ғимараты)

№2 сайлау округі (Базарлы) (орталығы - Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық жастар орталығының ғимараты)

№3 сайлау округі (Жаңа орпа) (орталығы - Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту орталығының ғимараты)

№4 сайлау округі (Жаңа жол) (орталығы - Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Шетпе лицейі» КММ ғимараты)

№5 сайлау округі (Ащыбұлақ) (орталығы – Шетпе ауылы, «Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ғимараты)

№6 сайлау округі (Жармыш) (орталығы – Жармыш ауылы, «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Өрлеу» МҚК-ның Жармыш ауылдық мәдениет үйінің ғимараты)

№7 сайлау округі (Тұщықұдық) (орталығы – Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты)

№8 сайлау округі (Қызан) (орталығы – Қызан ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты)

№9 сайлау округі (Ақтөбе) (орталығы – Ұштаған ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің А.Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты)

№10 сайлау округі (Жыңғылды) (орталығы – Жыңғылды ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» МКК ғимараты)

№11 сайлау округі (Өтес) (орталығы – Сайөтес ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Сайөтес жалпы білім беретін мектеп» МКК ғимараты)

№12 сайлау округі (Шайыр) (орталығы – Шайыр ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Т.Жалғасбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» МКК ғимараты)

Дата публикации
30 декабря 2022