Маңғыстау аудандық маслихатының
депутаттарын сайлау жөніндегі округтік
сайлау комиссияларын құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3-тармағына, 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау аудандық маслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10, №11, №12 округтік сайлау комиссиялары 5 мүше құрамдарында құрылсын.
- Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау үшін осы қаулы Маңғыстау аудандық маслихатына жолдансын.
- Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет- ресурсында және аудандық «Жаңа өмір» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Л.Жонасов
Маңғыстау аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ж.Қабылқақова