№ 20 «15» желтоқсан 2022 ж.
Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-2 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 15 қаңтарына тағайындалсын.
-
Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының келісілген қосымшасымен бекітілсін.
-
Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Л.Жонасов