Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына және 22 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылдық округі әкімін сайлау
жөнінде Сайөтес ауылдық округі шекарасында сайлау округі құрылсын.
-
Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы мен аудандық және
учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орны көрсетіле отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
.
Маңғыстау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Л.Жонасов