Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылдық округі әкімінің  сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Қосымша 1

Маңғыстау аудандық

сайлау комиссиясының

2022 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 20  қаулысымен бекітілді

 

2023 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Маңғыстау облысы,

 Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылдық округі әкімінің  сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

  1. Ауылдық округ әкімінің сайлауының уақытын белгілеу

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 15 желтоқсан                                              

  1. Кандидаттарды ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеріс болмаса, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат:18-00 аяқталады

2022 жылғы 16 желтоқсаннан  30 желтоқсан 18:00-ге дейін

                                                                                (113-3 б. 1 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

                                                            (4 б. 2 тт. 113-5 б. 11 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

                                                                       (14 б. 8-1 тт., 31 б.)

  1. Өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парағын беру

                               Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін 3 күн мерзімде                                                                      

                                                                                  (113-4 б.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттамаларды рәсімдеу

Аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып.

Аумақтық сайлау комиссиясы қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін 3 күн мерзімде

                                                                       (113-4 б. 7т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

                                   Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар

                                   Кандидатты тіркеуге дейін

                                                                                                                   (113-5 б. 2 т.)

  1. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына 2022 жылдың 1 желтосанына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркеуге дейін

                                                                                (113-5 б. 3 т.)

  1. Кандидат пен оның жұбайының (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап 5 күн ішінде

                                                                              (113-5 б. 4 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктерін беру

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18-00 аяқталады

2023 жылдың 4 қаңтары 18:00-ге дейін

                                                               (14 б. 8-1 тт., 113-5 б.)

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарына кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                                 (113-5 б. 9 т.)

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Маңғыстау ауданы әкімдігі және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

                                                                                    (28 б. 6 т.)

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылдың 4 қаңтары жергілікті уақыт бойынша          

сағат 18.00-ден кейін басталып 14 қаңтар     

жергілікті  уақыт бойынша сағат 00.00-де 

аяқталады

                                                                               (27 б. 2 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

                                     Маңғыстау ауданы әкімдігі және Маңғыстау 

                                     аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                             (28 б. 4 т.)

  1. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

                                         Маңғыстау ауданы әкімі

                                         Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2022 жылдың 26 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                                  (24 б. 5 т.)

  1. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2022 жылдың 31 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                                 (26 б. 1 т.)

  1. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей

                                                                (18 б. 5 тт., 38 б. 2 т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

Аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 12 қаңтардан ерте емес 2023 жылғы 14 қаңтарынан кешіктірмей

                                                                                    (37 б. 3 т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2023 жылғы 15 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

                                                                                 (40 б. 1 т.)

  1. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2023  жылғы 15 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

                                                                                   (38 б. 1 т.)

  1. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және тиісті әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2023 жылғы 15 қаңтар  жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

                                                                       (18 б. 8 тт., 43 б.)

  1. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                                   (43 б. 8 т.)

  1. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманы тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                               (113-8 б. 1т.)

  1. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін үш  күннен кешіктірмей

2023 жылдың 18 қаңтардан кешіктірмей

                                                                                    (113-10 б.)

 

  1. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін төрт  күннен кешіктірмей

2023 жылдың 19 қаңтардан кешіктірмей

                                                                                           (44 б.)

  1. Сайланған әкімді тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күн ішінде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға  

және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес  

әкім  мәртебесімен сәйкес келмейтін өз мiндеттерiн

доғару туралы жазбаша өтiнiш алынғаннан кейін

2023 жылдың 21 қаңтарына дейін

                                                         (45 б., 46 б. 2 т., 113-11 б.)

Дата публикации
15 декабря 2022