Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Озған Саттар Тұрашұлы
20 наурыз 2015 жыл