2022 жылдың 9 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 128 қызметтің 55 түрінен 12 909 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен 289, мемлекеттік корпорациямен 1681, электронды үкіметпен 10 909 қызмет алынды. Бұл көрсетілген 55 қызметтің 42 (24 таза электронды) электронды түрде жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 9 айда жоспарға сәйкес 6 мекемеге және жоспардан тыс 1 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 40 заң бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, бұзылған заң бұзушылықтарды қалпына келтіруге және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 41 ұсыныс берілді.
Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 5889 қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында 630 брошюра таратылды, 12 брифинг, 10 ашық есік, 3 қоғамдық қабылдау, 1 тәжірибе алмасу өткізілді, жергілікті атқарушы органдардың Facebook парақшасы арқылы 714 пост жарияланды және мемлекеттік қызмет көрсету туралы 1 билборд орнатылды.