Хабарлама
16 қазан 2022 жылы Маңғыстау ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ақтөбе ауылдық округі
Ақтөбе ауылдық округі әкімі болып Бекмурзин Махамбет Сүндетұлы сайланды, 1981 жылы туған, «Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Ұштаған ауылында тұрады. Өзін – өзі ұсынған.