Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттыққа
ұсынылғандар туралы ХАБАРЫ
2022 жылғы 28 қыркүйекте Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен 2 (екі) кандидаттан құжаттар келіп түсті. Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне М.С.Бекмурзин мен Ж.А.Жамиғатов кандидаттыққа құжаттарын ұсынды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға кандидаттардың сәйкестігін анықтау жүргізілуде.