Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

                                            Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

 Маңғыстау ауданы әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №6 «Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 «Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне сәйкес аудандық Мәслихат «Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2019 жылғы                        14 қаңтардағы №23/261 «Маңғыстау ауданындағы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылдады. Жоғарыда аталған аудан әкімінің 2022 жылғы                    13 қыркүйектегі №6 шешімімен №177 сайлау учаскесі (Шайыр ауылдық округі, Тиген елді мекені, медициналық пункт ғимаратында орналасқан)  жабылды.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық Мәслихат №188 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына саяси партиялардың кандидаттар ұсынуы басталғанын хабарлайды.

Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.         Шекарасы: Ащыбұлақ шағын ауданы,  «Каспий цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатаханасы.Комиссия мүшелерінің саны 7.

Ұсыныстар 2022 жылдың қыркүйек айының 19-ы мен қазан айының 3-іне дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін қабылданады.

Саяси партиялар сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған кандидаттар тізімін Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы Сарбалаев Абзал Бердібайұлының атына жолдайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясы құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Ұсынысқа төмендегі құжаттар қоса жалғанады:

1.Саяси партияның әділет  органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

2.Саяси партияның (олардың жарғыларына сай өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы отырыстарының, жиналыстарының (конференцияларының) қаулыларынан көшірмелер;

3.Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған адамдардың оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштері;

4.Кандидаттардың жеке бас құжатының көшірмесі.

Егер 2022 жылдың 3 қазанға дейін саяси партияларда ұсыныстар болмаған жағдайда өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарының қабылданатынын еске саламыз.

Қоғамдық бірлестіктер де саяси партиялар сияқты құжаттар тізбесін тапсырады.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру 2022 жылдың 5 қазанында аяқталады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Шетпе ауылы,  Орталық алаң, 2 үй.

қалааралық телефон коды (872931),2-20-85, p.maslikhat@mangystau.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2022