Маңғыстау ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

                                                                                     № 14                                              «16»     қыркүйек   2022ж.

 

Маңғыстау ауданының Ақтөбе

ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-2 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалсын.
  2. Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы  16 қазанға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының келісілген қосымшасымен бекітілсін.
  3. Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

          Маңғыстау аудандық

          сайлау комиссиясының төрағасы                        Л.Жонасов  

 

 

          Маңғыстау аудандық

          сайлау комиссиясының хатшысы                       Ә.Ұзақбай

                                                                               

Дата публикации
16 сентября 2022