Шетпе ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Шетпе ауылы 07.06.2022 жыл
Шетпе ауылында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқандар саны: 18 адам
Оның ішінде жергілікті қоғамдастық мүшелері саны 8 адам: Жайлаубаев Өтелген, Абдуллаева Түймеш, Сағымбаева Тоймекен, Жакупова Бибігүл, Шарқатбаев Әлібек, Бисекенов Жиенбай, Өтешов Ақылбек, Шопанов Тілек.
Жиналысқа қатысқан жеке тұлғалар саны 11 адам: Дұрысбаев Рзағұл, Тәнов Амандық, Исаберген Сейтжан, Исатаева Камария, Байназаров Әлібек, Ордабаева Ғалия, Қазиева Жанат, Үмбетова Дәмелхан, Мұқанов Базарбай, Сейілова Лола, Тындырғанова Лаура.
Жергілікті қоғамдастық жиналысын Шетпе ауылы әкімі А.Жанбуршиев ашты.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы Жанбуршиев Амалбек Кемелбекұлы жиналыстың төрағасы болып сайланды.
Сонымен қатар, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы Жамелбеков Бекзат Жамелбекович жиналыстың хатшысы болып сайланды.
Күн тәртібінде:
Шетпе ауылындағы атаусыз тұрған көшелеріне Ұлы отан соғысы, Тыл және Еңбек ардагерлерінің есімін беру туралы
Тыңдалды:
Жиналыс төрағасы А.Жанбуршиев: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсінік берді.
Сөйлегендер:
Тәнов Амандық – Шетпе ауылының Шетпе-1 шағын ауданының бір көшесіне Форт-Шевченко қаласына қарасты Борлы-Суат деген жерде дүниеге келген, сұрапыл соғыс жылдары 16 жасында Таушық елді мекенінде №7 шахтада мотовоз машинисінің көмекшісі болып еңбек жолын бастаған Тыл және Еңбек ардагері Тәнов Біләл есімі берілсе - деген ұсыныс айтты.
Байназаров Әлібек - Шетпе ауылының Шетпе-1 шағын ауданындағы атаусыз тұрған екінші көшесіне 1949 жылы 23 тамызда Маңғыстау ауданы Жармыш ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген, мектеп бітірген соң Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, мұғалімдік саласының үздігі болған Еңбек ардагері Байназаров Асылбек есімі берілсе, - деген ұсынысын айтты.
Ордабаева Ғалия - Шетпе ауылының Ащыбұлақ шағын ауданының атаусыз екінші көшесіне 1922 жылы туған.1942 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 1944 жылы ауыр жараланып, елге келген соң, экономика саласында қызмет атқарған Ордабаев Асамадин есімі берілсе, - деген ұсынысын айтып өтті.
Дұрысбаев Рзағұл – Шетпе ауылы, Жаңа Орпа -2 шағын ауданының атаусыз көшелерінің біріне 1902 жылы Қазақ СРР-і, Гурьев облысы, Шевченко ауылдық Кеңесінде малшы-бақташының отбасында дүниеге келген, 1942 жылы Маңғыстау аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан, 1944 жылы елге оралып, Маңғыстау ауданының «Правда» колхозында еңбек жолын жалғастырған,Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагері Дұрысбаев Төребай есімі берілсе, - деген ұсынысын айтты.
Қазиева Жанат - 1919 жылы Куйбышев ауыл советінде туған. 1939 жылдың октябрінен 1942 жылға дейін армия қатарында болып, 1943 жылы мамыр айына дейін Молотов облысының Сталин атындағы тресінің қарауындағы Урицскіде болған. 1945 жылдың 20 шілдесінен 1989 жылдың 03 қарашасына дейін Маңғыстау аудандық финанс бөлімінің бюджет инспекторы болып жұмыс жасаған Қазиев Еділ есімін Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданындағы атаусыз бір көшесіне беруді ұсынды.
Мұқанов Базарбай- Шетпе ауылы, Базарлы шағын ауданының атаусыз көшесіне 1907 жылы туылған, Маңғыстау ауданындағы « Жаңа адым» колхозында еңбек еткен, 1939 жылы 210 саулықтан 269 қозы өсіргені үшін «Қазақ Советтік Социалистік Республикасына 20 жыл» мерекелік наградасымен марапатталған. 1942 жылы 7 қаңтарда әскер қатарына шақырылып, Сталинград майданында №196 атқыштар дивизиясы қатарында соғысқан Мамаев Мұқан есімі берілсе деген ұсынысын айтты.
Үмбетова Дәмелхан – Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданының атаусыз екінші көшесіне 1943 жылы Таушық елді мекеніне қарасты Ұсақ деген жерде дүниеге келген, 160 жылы Шахта орта мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ медицина институтын тәмамдаған, 2014 жылға дейін дәрігер рентгенолог болып ауданда қызмет еткен, халықтың рахметі мен алғысын алып, 1973 жыл Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, 1974 жылы Ерен еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған Еңбек ардагері Сәрсенбаев Аязбай есімін беру туралы ұсынысын айтып өтті.
Исатаева Камария – Шетпе ауылы, Шетпе-1 шағын ауданының атаусыз көшелерінің біріне 1917 жылы Қарасай колхозында дүниеге келген. 1941 жылы қараша айында үйленген. Сол жылы соғысқа аттанып, Венгрия және Румыния жерлеріне дейін барып, неміс басқыншыларынан жерді азат етуге қатысқан, 1947 жылы туған жерге оралып, дүкенші және ауылшаруашылығы саласында қызмет атқарған. “За победу над Германией в великой отечественной войне 1941-1945 гг” орден-медальмен марапатталған Жұбауов Әбдірман Жұбауұлы есімін беру туралы ұсыныс айтты.
Сейілова Лола – Шетпе ауылы, Базарлы шағын ауданындағы атаусыз көшесін 1917 жылы 19 тамызда Гурьев облысы, Форт-Шевченко қаласында өмірге келген, 1939 жылдың қарашасынан 1940 жылдың қазан айына дейін 419-атқыштар полкінде, 1940 жылдың қазанынан 1942 жылдың қарашасына дейін 640 – атқыштар полкінде мерген болып әскери міндетін өтеген, Ұлы Отан соғысы ардагері Дукамов Мақсым есімімен атауды ұсынды.
Исаберген Сейтжан – Шетпе ауылы, Бөгет шағын ауданының атаусыз көшесіне 1930 жылы Бозашының Мәстек жерінде дүниеге келіп, балалық шағы Ұлы Отан соғысымен пара-пар келіп, колхоз шаруашылығына он екі жасынан бастап араласқан, қызметін 39 жыл үзбестен атқарып, 1992 жылы зейнетке шыққан, «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері», және «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін» медалы мен төс белгілердің иегері Алпысбай Шүйішұлы есімін беруді ұсынды.
Тындырғанова Лаура – Шетпе ауылының атаусыз көшелерінің біріне Маңғыстау ауданының қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласқан тұлға, ауданның білім беру саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұстаз, 38 жыл оқу-ағарту саласындағы ерен еңбегі еленіп, жоғары марапаттарды иеленген: 1976 жылы Қазақ КСР-ы халық ағарту ісінің озық қызметкері награды, 2004 жылы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының №1439 Жарлығы бойынша «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалімен марапатталған ұлағатты ұстаз Жоламан Мұқанов есімін беру туралы ұсыныс айтты.
Шетпе ауылының атаусыз көшелеріне атау беру жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқан жергілікті қоғамдастық құрамы арасында ашық дауысқа салынды.
Жиналыс шешімі:
Шетпе ауылының Ащыбұлақ шағын ауданындағы
екінші көшесіне: Ордабаев Асамадин есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
Шетпе ауылының Шетпе-1 шағын ауданындағы
атаусыз көшесіне: Тәнов Біләл есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
атаусыз көшесіне: Жұбауов Әбдірман есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
атаусыз көшесіне: Байназаров Асылбек есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
Шетпе ауылының Қызылтұран шағын ауданындағы
атаусыз бір көшесіне: Сәрсенбаев Аязбай есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
атаусыз екінші көшесіне: Қазиев Еділ есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0:
Шетпе ауылының Базарлы шағын ауданындағы
атаусыз көшесіне: Мамаев Мұқан есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
атаусы көшесіне: Дукамов Мақсым есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
Шетпе ауылының Бөгет шағын ауданындағы
екінші көшесіне: Шүйішұлы Алпысбай есімі- қолдаушылар 8 , қарсы 0,қалыс қалған 0;
Шетпе ауылының Жаңа орпа-2 шағын ауданындағы
атаусыз көшесіне: Дұрысбаев Төребай есімі- қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0;
Шетпе ауылының атаусыз көшелерінің біріне
атаусыз көшесіне: Мұқанов Жоламан есімі - қолдаушылар 8, қарсы 0,қалыс қалған 0.
Жиналыс төрағасы: А.Жанбуршиев
Жиналыс хатшысы: Б.Жамелбеков