Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 және 113-1 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 5 қаңтар 2022 жылғы «Маңғыстау облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» №726 Жарлығына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауын кейінге қалдыру туралы» 2022 жылғы 6 қаңтардағы №8 қаулысына сәйкес тоқтатыла тұрған Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауы жалғастырылсын.
- Осы қаулының бірінші тармақшасымен жалғастырылған сайлауға байланысты, сайлау науқанының мерзімдерін сақтау үшін сайлау өткізу күні 2022 жылдың 13 ақпанына белгіленсін және Ақшымырау ауылы әкімінің 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасымен бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы Ә. Ұзақбай