Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауын кейінге қалдыру туралы

Маңғыстау ауданы Ақшымырау

ауылы әкімінің сайлауын кейінге

қалдыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 2022 жылғы 5 қаңтардағы  «Маңғыстау облысы шекараларында төтенше жағдай енгізу туралы»   Жарлығына байланысты, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылдың 30 қаңтарына белгіленген Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауын өткізу кейінге қалдырылсын.
  2. Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының «Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылы әкімі сайлауын тағайындау туралы» 2021 жылғы 31 қаңтардағы қаулысының күші жойылсын.
  3. Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауын өткізу уақыты Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен белгіленетін болады.
  4. Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Маңғыстау аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                      Л.Жонасов  

 

 

Маңғыстау аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                         Ә.Ұзақбай

Дата публикации
06 января 2022