2021 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

2021 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

         2021 жылдың 9 айында ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі  63 қызметтің 46 түрінен 8112 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен  2461, мемлекеттік корпорациямен 1908, электронды үкіметпен 3743 қызмет алынды. Бұл көрсетілген 46 қызметтің 34 электронды түрде жүргізілді. Қызметтердің электронды түрлерінің санын арттыру мақсатында жоғарғы органдарға ақпараттық жүйелер арасында ықпалдастықты қалыптастыру және іркіліссіз жұмыс жасауы бойынша ұсыныстар берілуде.

         Маңғыстау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және цифрландыру бөлімімен 2021 жылдың 9 айында барлығы 7 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 8977 көрсетілген қызмет тексеріліп, 21 заң бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, бұзылған заң бұзушылықтарды қалпына келтіруге бағытталған 40 ұсыныс берілді.

         Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 5484 қызмет алынды Аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік желілерінде (Facebook) және сайтында қызметтердің электронды алу жолдары жайында ақпараттар үздіксіз жарияланып отырады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында Шетпе, Жармыш, Жыңғылды ауыл әкімдіктері Facebook парақшасы арқылы тікелей эфирде брифинг өткізілді.

Дата публикации
05 октября 2021